Елорда күніне және Елбасының туған күніне орай келіп түскен жеделхаттар мен хаттар
Елорда күніне және Елбасының туған күніне орай келіп түскен жеделхаттар мен хаттар
133
оқылды
Беларусь Республикасының президенті қазіргі Қа­­зақ­станның тарихы, оның жетістіктері мен халықаралық бе­делі Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тығыз бай­ланысты екенін атап өтті. «Сіздің тікелей басшылығыңызбен Қазақстан хал­қы әлеуметтік-экономикалық дамуда толағай табыс­тар­ға қол жеткізді, әлемдік аренада лайықты бедел­ге ие бол­ған мемлекет құрып, үлкен жолды жүріп өтті. Беларусь Республикасында Сіздің белорустар мен қа­зақтардың тарихи достығына, өзара құрметке, се­нім мен қолдауға негізделген кең ауқымды екіжақты қатынастарды құруға қосқан зор үлесіңізді жоғары бағалайды» делінген А.Лукашенконың жеделхатында. Грузия президенті Саломе Зурабишвили Елбасына денсаулық, бақыт пен табыс тіледі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуел­сіздігін қалыптастыру және нығайту кезеңі Сіздің атыңызбен тығыз байланысты. Сіз Тұңғыш Президент ретінде батыл шешім қабылдап және көреген саясат жүргізе отырып, елдің дербес дамуын және халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз етіп, ауқымды рефор­маларды  жүзеге асыру  үшін берік негіз қала­дыңыз. Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық бедел­ге қол жеткізуіне ықпал еттіңіз» делінген Грузия пре­зидентінің жеделхатында. Австрия Республикасының Федералдық президенті Александр Ван дер Беллен өзінің хатында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның халықаралық бе­делін нығайтудағы және құр­лықтағы интеграциялық үдеріс­терді дамытудағы ерекше рөлін атап өтті. Хорватия Республикасының президенті Зоран Милович, Индонезия Республикасының президенті Джоко Видодо, Сингапур Республикасының президенті Халима Якуб, Сьерра-Леоне Республикасының президенті Джулиус Маада Био Елбасына және күллі Қазақстан халқына мықты денсаулық пен бақ-береке тіледі. Сондай-ақ бар­лық мақсаттарға жетуіне және өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдіріп, жылы лебіздерін жол­да­ды. Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Қазақстанның Тұңғыш Президентіне екі ел арасында ынтымақтастық орна­туға және дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. «Сізді 80 жылдық мерей­тойыңызбен шын жүректен құт­тықтаймын. Екеуміздің арамыз­дағы жеке сенімге негізделген Жапония мен Қазақстанның өзара тиімді серіктестігі сәтті дамып келе жатқанына қуа­ныштымын. Өткен жылдың қазан айында мәртебелі Императордың таққа отыру рәсіміне қатыс­қаныңыз үшін Сізге тағы да алғыс айтамын. Сол маңызды күні Өзіңізбен болған кездесу екіжақты қатынастарға жаңа серпін берді» делінген Синдзо Абэнің жеделхатында. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Н.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақ­станның берік негізін қалағанын атап өтті. «Сіз ХХІ ғасырдың халық­аралық саясатын және жаңа әлем­дік тәртіпті түсініп қана қоймай, оны өз халқыңыздың игілігі жолында қалай бағыттау керектігін білетін тұлғасыз. Сондықтан Сізді өзіме рухани жақын көшбасшы санаймын. Мен үнемі біздің әңгімелерімізді жылы сезіммен еске аламын» деп жазды В.Орбан. Сондай-ақ Канаданың ге­нерал-губернаторы Джули Пайетт пен Сингапурдың премьер-министрі Ли Сиань Лун да құт­тықтау хаттарында толағай табыс пен жаңа белестер тіледі.