Бас қалаға газ келді
Бас қалаға газ келді
фото: facebook
242
оқылды
Оңтүстіктен мыңнан астам шақырым газ құбыры тартылды. Бұл туралы  Elorda Aqparat ақпарат агенттігінің директоры Жарқын Түсіпбекұлы хабарлайды.    width= «Қыруар еңбек. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасында айтылған іс соңына жеткізілді. Газ тартылған өңірлер жақсы біледі. Газ келді. Енді үйіне кіргізуді әр шаңырақ өзі көтеруі тиіс», - деп жазды ол facebook парақшасында.    width= Нұр-Сұлтанда алғашқы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер көгілдір отынға қосылды 2020 жылғы 4 шілде 16:15Бөлісіңіз: НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында табиғи газ беріліп, алғашқы әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлер қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Көктал-1 тұрғын үй алабында «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, №29 мектеп және бірқатар жеке үйлер газға қосылды. Техникалық қосылу газ тарату желілерінің жеке үйлер мен ғимараттарды газға қосуға дайын екендігін көрсетті. Басқа тұтынушыларды қосу рәсімі іске қосу-жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жалғасады. Осылайша, Железнодорожный тұрғын үй алабында газбен жабдықтау тарату желілерінің 96%-ы салынды. ЖЭО-1/2, тұрғын үй алаптарында тікелей үйлерге желілерді бұру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Еске салайық, газ құбырлары алдымен  Көктал 1- және 2, агрородок аудандарына келеді деп жоспарланған. Әкімшілік құбырды әр үйдің іргесіне дейін тартып береді. Ал, табылдырықтан ішке енгізу үй иесінің қалтасынан төленбек. Өлшеуіш құралдарында әкімшілік өз есебінен орнатпақ. Былтыр қазан айында Қызылорда-Нұр-Сұлтан магистралы Елорда іргесіне жеткен болатын.