Балалардың аулада ойнауына рұқсат беріле ме?
Балалардың аулада ойнауына рұқсат беріле ме?
фото: ашық дереккөз
215
оқылды
5 шілдеден бастап елімізде шектеу шаралары күшейтілгеннен кейін балалардың аулада ойнауына бола ма? Бұл сауалға бүгін Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова жауап берді. Оның сөзінше, Қаулыда балалардың аулаға шығуына тыйым салу көзделмеген. Дегенмен, біз кәмелетке толмаған балалар көшеде, аулада ересектермен бірге ғана жүруге, сонымен қатар кез келген байланыстан барынша аулақ болуға кеңес береді. «Яғни, біздің кеңесіміз балалар аулада ойнаға кезде бір отбасының мүшелері шегінде ғана жүргені дұрыс. Өзге балалармен байланыста болмауға тырысу қажет. Өйткені, аурудың біреуден біреуге таралуы жүріп жатыр», - деді Бас санитар дәрігер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинте.