Дария Ғабдул: Бейонсені қазақша дубляждағаныма бақыттымын
Дария Ғабдул: Бейонсені қазақша дубляждағаныма бақыттымын
217
оқылды

«X Factor Қазақстан» байқауының жеңімпазы Дария Ғабдул «Арыстан патша» кинотуындысында Бейонсенің дауысын салды.

Анимациялық киноның саундтрегін әлемге әйгілі әнші Бейонсе орындаған. Қазақша дубляжда әнші Дария Ғабдул шырқады.

Бұл – Дарияның Голливуд фильмдерінің дубляжына екінші рет қатысуы. 2012 жылы «Батыл жүрек» фильмінің кастингіне қатысып, сынақтан өтпей қалған.

– Мұның жақсы жағы да бар. Ол кезде дубляждау деген қандай күрделі жұмыс екенін түсінбеппін. Студиядағы барлық жұмыс бір сағатқа созылды. Менің алдыма 60 минут ішінде екі саундтректі орындау керегін айтты. Бұл – оңай шаруа емес. Экранда көріністі эмоциямен аяқтау өте қиын, – дейді әнші.

Дария – Бейонсенің тыңдарманы. Оның әндерін сүйіп тыңдайды.

– Менің ойымша, Бейонсе ең үздік орындаушылардың бірі. Оның ән орындау мәнері техникалық жағынан өте күрделі. Бейонсенің әнін қайталап айту қиынның қиыны. Бейонсені қазақ тілінде дубляждағаныма бақыттымын, – деді Дария Ғабдул.