Алматыда қоғамдық көлік жұмысын тоқтатты
Алматыда қоғамдық көлік жұмысын тоқтатты
© сурет интернеттен алынды
112
оқылды
6 шілдеде Алматыда қоғамдық көлік жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Алматы көлік холдингі хабарлады. Холдинг өкілі жолаушылардың аздығына байланысты автобустар тоқтағанын түсіндірді.
"Бүгін 6 шілдеде Алматы қоғамдық көлігінің жұмысы тоқтатылды. Барлық жылжымалы құрам дезинфекцияға жіберілді", - делінген хабарламада.
Көлік құралдары жұмысын 7 шілде күні сағат таңғы 6-да бастайды. Еске салайық, Алматыда 5-20 шілде аралығына қатаң шектеу шаралары енгізілді. Осы кезеңде қалааралық автобустар тоқтатылды, сенбі және жексенбі күндері қала маңындағы және қалалық қоғамдық көліктер, соның ішінде метрополитен жұмыс істемейді. Қалалық қоғамдық көлік пен қала маңындағы автобус маршруттары 50 пайыздан аспайтын адамды ғана алып жүре алады.