Нұр-Сұлтанда мерекелік отшашу болады
Нұр-Сұлтанда мерекелік отшашу болады
© сурет интернеттен алынды
136
оқылды
Нұр-Сұлтанда Елорда күніне арналған отшашуды онлайн көруге болады.
«Бүгін Нұр-Сұлтанда Елорда күніне мерекелік отшашу өтеді. Ол тікелей эфирде сағат 23:00-де «Хабар 24» телеарнасында көрсетіледі. Отшашу Есіл өзенінің (Орталық саябақ) жағалауында, Ботаникалық бақ (Қабанбай батыр даңғылы жағынан) және Пушкин – Абылайхан көшелерінің қиылысында басталады», - делінген елорда әкімдігінің Instagram-парақшасында.
Әкімдік мәліметінше, отшашуға бюджеттен қаржы бөлінбеген. Шара демеуші қаражаты есебінен ұйымдастырылады. Сонымен қатар отшашуды барып көретін тұрғындар санитарлық нормаларды қатаң сақтап, маска тағуы, әлеуметтік қашықтықты ұстануы және антисептик қолдануы тиіс.