Елордада «Қазіргі заманғы қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы және дамуы» атты кітапты таныстыру рәсімі өтті, - деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі. Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асанов «Қазіргі заманғы қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы және дамуы» атты кітаптың ағылшын нұсқасын таныстыру рәсімінде сөз сөйледі. Онлайн-тұсаукесерді «Астана» халықаралық қаржы орталығы Нұрсұлтан Назарбаев қорымен бірлесіп, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мерейтойына орай ұйымдастырды. Жоғарғы Сот Төрағасы ағылшын тілді аудитория үшін басылым біздің мемлекеттілігіміздің қалыптасуы мен Елбасының рөлі туралы ең шынайы ақпарат көзі болатынына сенім білдірді. Спикер Бас прокуратураны басқарған тұстағы прокуратураның даму кезеңдері, оның өкілеттілігін жүзеге асыру қағидаттары және тағы басқалары туралы айтып берді. Ж. Асанов тоқырауға түскен 90-шы жылдары мемлекеттің қалыптасуы кезінде Елбасы ерік-жігерімен қылмысқа қарсы күресті басқарғанын айтты. Күн сайын құқық қорғау органдары оның алдында есеп берді, бұл жағдайды жақсарту үшін жасалған.
«Осының арқасында бізде қылмыс саны тұрақты түрде азаюда. Міне, 24 жыл қатарынан аса қауіпті қылмыстарды азайтудың тұрақты үрдісі жүріп жатыр. Бұл кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық. Дәл осы қылмыс түрлері бойынша елдегі қауіпсіздікке баға беріледі. Бүгінде ең қолайлы 80-жылдармен салыстырғанда кісі өлімі екі есе аз, бірақ халық саны 25%-ға өсті», - деп атап өтті ол.Егер 90-шы жылдары түрмелерде 100 мың адам отырса, қазір 3 есе аз – 30 мың, егер бұрын түрмедегілердің саны бойынша әлемдік көшбасшылар үштігінде болсақ, бүгінде – жүздіктің санатындамыз.
«Мұның бәрі Елбасының жүргізіп отырған қылмыстық саясатының нәтижесі. Осының арқасында Қазақстанда өмір сүру және жұмыс істеу жыл сайын қауіпсіз бола түсуде. Бірақ бұл барлық адамдарға байқалмайды. Неліктен? Өйткені бәрі ашық. Интернет. Күн сайын біреуді ұрып-соғып, тонап жатады. Әрбір қылмысты барша жұрт талқылайды. Сондықтан да қылмыс саны жоғары сияқты болып көрінеді. Ал бұрын бұл туралы ешкім білмеген», - деп есептейді спикер.Жоғарғы сот төрағасы заңнаманы ізгілендіру мысалы ретінде сот санкциясынсыз адамды ұстау уақытын 72 сағаттан 48 сағатқа, ал кәмелетке толмағандарды ұстау уақытын 24 сағатқа қысқартуды атады. Ол адвокатураның өкілеттігін кеңейту, тергеу әрекеттерін оңтайландыру және құқық қорғау жүйесін цифрландыру туралы айтты. Сол жылдардың жетістіктері ретінде сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жедел сот бақылауы міндеті бар тергеу судьясы институтын енгізу, прокуратураның өз өкілеттіктерінің бір бөлігін сотқа беруі және прокуратураның және азаматтық процестерге қатысуын қысқарту атап өтілді.
«Біз бәріміз елімізде болып жатқан өзгерістердің куәгеріміз. Олар біздің республикамыздың әлеуметтік бағытын көрсетеді. Бүгінгі таңда адам қоғамның ең жоғары құндылығы ретінде бірінші орында. Осындай көрнекті тұлғамен жұмыс істеуге мүмкіндігі болған үшін тағдырға өз ризашылығын айта отырып, бұл саясатты Елбасы ең басынан бастап - «Қазақстан-2030» ұлттық стратегиясынан бастады», - деді Ж. Асанов.Тұсаукесер барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, Конституциялық Кеңестің мүшесі Унзила Шапақ, Латвия Конституциялық Сотының Төрағасы Инета Зиемеле, Әділет министрі Марат Бекетаев, АХҚО ХАО төрағасы Барбара Доманн, АХҚО Академиялық Кеңесінің мүшесі Бақытжан Әбдірайым және Ғылым академиясының академигі, филолог Шерубай Құрманбайұлы сөз сөйледі. «Қазіргі заманғы қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы және дамуы» атты кітапта Елбасының егеменді Қазақстанның қазіргі заманғы мемлекеттілігін бекіту мен нығайтудағы рөлі айқын көрініс тапқан. Басылым Елбасының басшылығымен орын алған елдің қалыптасу және даму процестері, мемлекетті басқару институттарын қалыптастыру және жаңғырту кезеңдері туралы баяндайды. Н.Ә. Назарбаевтың кітаптарынан қоғамды біріктіруші құндылықтар туралы үзінділер, қазақстандық конституционализм теориясы және Ата заңның қалыптасу тарихы, Ұлт көшбасшысы сөздерінің үзінділері, Елбасының басшылығымен әр уақытта жұмыс істеген мемлекеттік қызметкерлер мен ғалымдардың мақалалары ұсынылды.