Қазақстанға ресейлік дәрігер келді
Қазақстанға ресейлік дәрігер келді
©Сурет интернеттен алынды
153
оқылды
Шетелдік мамандар қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасып, індеттің таралуын шектеуде бірлесе жұмыс істейді. Есте болса, осындай келісімге өткен айда екі елдің үкімет басшылары келген еді. Ресейлік дәрігерлер біраз уақыт  астанада болып, артынан эпидемиологиялық ахуалы күрделі аумақтарға барады. Мамандар тек консультациялық кеңес айтумен шектелмей, науқастарды емдеугеде атсалысады.
–  Екі жақты тәжірибе алмасу деңгейі жоғары болады деп сенеміз. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде эпидемиологиялық жағдай күрделі. Сондықтан пациенттерді емдеуде әдістемелік кеңес айтылып, ортақ проблеманы шешу үшін күш жұмылдырамыз, –  дейді ҚР денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов.