Жүкембаевтың қарсыласы жекпе-жек алдында күтпеген мәлімдеме жасады
Жүкембаевтың қарсыласы жекпе-жек алдында күтпеген мәлімдеме жасады
331
оқылды
Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (17-0, 13 КО) қарсыласы мексикалық Рикардо Лара (22-7, 10 КО) алдағы жекпе-жекте нағыз шоу көрсетуге уәде берді, – деп хабарлайды Vesti.kz. Жүкембаев пен Лара жекпе-жегі – 25 қаңтарда Монреальдағы Montreal Casino аренасында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы. Қазақ боксшы WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерін қорғайды. «Жекпе-жек туралы ұсыныс келгенде жаттығып жүргенмін және жақсы қалыптамын. Eye Of The Tiger компаниясына осындай мүмкіндік үшін алғыс білдіремін. Бокс кешінің басты жекпе-жегінде титул үшін жұдырықтасу үлкен абырой. Қарсыласымның кездесулерін тамашаладым. Болашағы үлкен боксшы, мықты жақтары көп. Бұл жекпе-жекте ол басым болады деп бекер есептемейді. Дегенмен бұл бокс. Жеңетініңе сенбесең неменеге шығасың?! Жақсы дайындалдым, ынтам да зор. Көрермендерге үлкен шоу сыйлағым келеді», – дейді Лара.