Атыраудың ауасы ластанған
Атыраудың ауасы ластанған
фото: pixabay.com
174
оқылды
Атырау қаласының тұрғыны Тәуірбек Бозекенов Facebook желісіндегі парақшасында қалада ауаның ластанғаны соншалық - бас ауыратынын жазған болатын. Министрлік өкілдері соңғы кездері қалада ауа ластанып жатқанын жоққа шығармады. «Осы орайда ағымдағы жылдың 10 шілдесіндегі түнгі уақытта Атырау қаласының атмосфералық ауасына мониторинг жүргізді. Мониторинг жүргізу барысында қаланың атмосфералық ауасындағы ластаушы заттардың концентрациялары рұқсат етілген шекті шоғырланудан асқан жоқ. Сонымен қатар, Департаментпен қала аумағында орналасқан ауа сапасын бақылау станцияларының 2020 жылдың 12 шілдесіндегі мәліметтеріне талдау жүргізілді", - деді ведомство өкілдері. Талдау нәтижелері бойынша, ауа құрамындағы күкірт сутегілерінің концентрациялары рұқсат етілген шекті шоғырланудан асуы анықталып, ауаны ластаушы көзі Атырау қаласының сол және оң жақ булану аландары екендігі белгілі болды. "Сондай-ақ, Атырау қаласында ауа сапасының нашарлауына байланысты Департаментпен "Атырау мұнау өндеу зауыты" ЖШС-не жоспардан тыс тексеру тағайындалып, қазіргі уақытта құзырлы органға тіркеуге жолданған. Тексеру нәтижелері бойынша қосымша хабарлаймыз", - деді министрліктегілер.