МӘМС-те жаңа басшы. Болат Төкежанов деген кім?
МӘМС-те жаңа басшы. Болат Төкежанов деген кім?
Фото: Интернеттен алынды
199
оқылды
Дьюка, Дарем, Солтүстік Каролина, АҚШ-та Стэндфорд университетінің мемлекеттік саясат мектебінде, сондай-ақ,  Сингапурдағы Ли Куан Ю  атындағы ұлттық университеттің мемлекеттік саясат мектебінде оқыған. Болат Төкежанов Қазақстанның салық қызметі жүйесінде жұмыс тәжірибесі бар, Шығыс Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау ұйымдарын басқарды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде басшылық қызметтерді атқарды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі, жауапты хатшысы болып жұмыс істеді.   [caption id="attachment_57270" align="alignnone" width="959"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption]

80 миллион доллар қарызға ақша алатыны туралы мәлімдеді...

Осыдан үш жыл бұрын Болат Төкежанов Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған кезінде Сенатта Халықаралық қайта құру және даму банкінен медициналық сақтандыруды енгізу үшін Қазақстан 80 миллион доллар қарызға ақша алатыны туралы мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, қаражаттың бір бөлігі жаңа технологияларды енгізуге, мамандар даярлауға және алтыншы қазақстандық емханаға заманауи медициналық жабдықтар сатып алуға жұмсалмақ. Қазақстан қарызды 15 жыл ішінде төлеуі тиіс. Оның ішінде 5 жылда белігілі бір жеңілдіктер қарастырылған.   [caption id="attachment_57271" align="alignnone" width="720"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption]

Дәрі бағасы төмендейді

2017 жылы zakon.kz-ке  берген сұхбатында

«...Президенттің Жолдауын іске асыру барысында дәрі-дәрмектердің бағасын реттейтін заң жобасы әзірленді. 2018 жылғы 1 қазаннан бастап рецепт бойынша дәрі-дәрмектер, ал қалған 2023 жылдан бастап барлық дәрілер бағасы реттеледі. Бұл бастама дәрі-дәрмектердің қол жетімділігін арттырады. Медициналық ұйымдардағы дәрі-дәрмектерге деген қажеттілік өзекті мәселе болып қала береді...»

Медициналық техникалар жайында...

«...Медициналық техниканы сатып алу кезіндегі бұзушылықтардың алдын алу үшін мыналар қарастырылған: Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген техникалық негіздемеге және оның құнын бағалауға міндетті сараптама жүргізу туралы талап; Бюджет қаражаты есебінен қымбат жабдықты орталықтандырылған сатып алудан бас тарту, тиімді қызмет көрсету және МЖӘ келісімшарт үлгісін енгізу және медициналық техниканы өндірушілермен тікелей келісім-шарттар жасау; Лизинг шарттарымен медициналық техниканы сатып алу мүмкіндігі кеңейеді. Соңғы 3 жылда лизинг шарттарымен жалпы құны 6 млрд теңгеден асатын 324 дана медициналық жабдық сатып алынды».   [caption id="attachment_57272" align="alignnone" width="642"] width= Фото: Болат Төкежановтың парақшасынан алынды[/caption]

Facebook-та белсенді...

Болат Төкежанов Facebook әлеуметтік желісінде белсенді. Фото жүктеп, пікірлерін ашық білдіреді. Мысалы, Өзбекстанның коронавируспен күресін үлгі етіп, пікір қалдырыпты. «Барлық елдер үшін қиын кезеңде үлгі болатындай. Неліктен біздің дәрігерлерге квазимемлекеттік сектордың ресурстарынан соншама ақы төлемеске? Дәрігерлердің қазіргі қазақ халқын COVID-19 қауіпті коронавирусынан сақтап қаламыз деп еңбектеніп жүрген кезінде жоғары айлық төлеуге болады ғой», − дейді. Медициналық сақтандыру қоры жаңа басшысының Facebook-та 1839 досы бар.

Еркежан ЖҰМАТАЙ