«Тәулік бойы жұмыс істеп, соңғы демі қалғанша күресті...» – Алексей Цой
«Тәулік бойы жұмыс істеп, соңғы демі қалғанша күресті...» – Алексей Цой
Фото: Интернеттен алынды
5,155
оқылды
  Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, министр коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің тізімін жариялады.
«Осы күндері менің әріптестерім – дәрігерлер мен медицина қызметкерлері өмірден озды. Мәңгілікке көз жұмды, олар күтпеген қауіп-қатермен бетпе-бет келді, соңғы демі қалғанша күресті. Бұл – қайғылы жағдай біз үшін орны толмас қаза. Олар өмірінің соңына дейін дәрігерлік борышын жанқиярлықпен атқарды. Біздің есімізде олар мәңгі нағыз батыр болып қалады», – деді Алексей Цой.
Министр пандемияны тоқтату үшін министрлік барлық жұмыстарды уақытында істейтінін айтты. «Осы қауіп-қатерді тоқтату үшін мен және менің әріптестеріміз тәулік бойы жұмыс әстеп жатырмыз. Біз біргеміз, біз пандемияны жеңіп шығу үшін барлық күш-жігерімізді жұмылдырамыз. Біз бұл қиындықты жұмыла отырып, жеңе алатынымызға сенімдімін» – деді Алексей Цой. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болған барлық дәрігерлердің тізімін жариялады.