Дәрігерлерді даярлау траекториясын өзгерту оң нәтиже береді
Дәрігерлерді даярлау траекториясын өзгерту оң нәтиже береді
©Сурет интернетен алынды
384
оқылды
Денсаулық кодексіне енгізілген өзгерістер болашақ дәрігерлердің біліктігін арттыруда оң нәтиже береді.
Мәселен, дәрігер кадрларын даярлау үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша оқу аяқталғаннан кейін қорытынды аттестаттаудан өткен түлекке «Медицина магистрі» дәрежесі беріледі. Интернатурада оқу аяқталғаннан кейін кәсіби дайындықты бағалаудан өткен бітірушіге «Дәрігер» біліктілігі беріледі.
Дәрігер кадрларын даярлау траекториясын өзгертуі (интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларын енгізу бөлігінде) оң шешімін береді. Мысалы, «магистр" дәрежесі бар тұлғалар клиникалық емес бейіндегі докторантураға түсуге құқылы. Ал резидентурада оқуды аяқтаған тұлғалар клиникалық бейіндегі докторантураға түсуіне болады. Сонда клиникалық бейіндегі докторантураны енгізуі дұрыс.
Сонымен қатар, резидентурада даярлау резидент-дәрігерлерді медициналық қызметтерді ұсынуға жеке қатыстыра отырып және тәлімгердің қадағалауымен пациенттерге көмек көрсете алады. Сол кезде қызметке жауапкершілік жүктеле отырып, теория мен клиникалық практиканың интеграциясы негізінде жүзеге асырылады. Дайындық барысында машықтары, білім ментәжірибені алуына қарай резидент-дәрігердің дербес жауапкершілігінің артып отыратын деңгейі қамтамасыз етіледі.
Резидентурада оқыту - резидентура базасының, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының, сондай-ақ ұлттық немесе ғылыми орталықтың, ғылыми-зерттеу институтының тең жауапкершілігімен резидент-дәрігерге жұмыс орнын ұсынуды көздейді. Дәрігер-резиденттердің оқу кезеңінде маман сертификатына сәйкес медициналық ұйымдарда тәлімгердің қадағалауымен жұмыс істеуге құқығы бар деген сөз.