Айнұр Тұрсынбаева жіберген тыныс алдыру аппараттарын әуежайдан сенатор Дана Нұржігіт күтіп алды
Айнұр Тұрсынбаева жіберген тыныс алдыру аппараттарын әуежайдан сенатор Дана Нұржігіт  күтіп алды
Фото: Интернеттен алынды
391
оқылды
Бұған дейін айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның бастамасымен халықтан жиналған қаржыға Түркия мен Қытайдан 1000-нан астам өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты сатып алынған болатын. Түркиядан Қазақстанға жүк тиелген ұшағының келгені жайында қазақтың Дәулеті атанған журналист Дәулет Мұқаев Instagram-дағы парақшасында жазды. .
«Түркиядан ұшқан ұшақ аман-есен елге қонды. @dauletten_qory директоры Ұлан Дәулетқали, Сенат депутаты @dana_nurzhigit , қоғам белсендісі @elmira_eshniyazova, және 20-ға жуық волонтер астана аэропортында. Сағат 2:35... Санаулы минуттардан кейін аппараттарды Газельге тиеу басталады!», – деп жазды.
Айта кетейік, біз бұған дейін дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы, ақын Айнұр Тұрсынбаева, блогер әрі журналист Дәулет Мұқаев, Жанат Бақыт, Динара Сәтжан және тағы басқа да белсенді азаматтардың бастамасымен халықтан қаражат жиналғанын жазған болатынбыз. Коронавирусқа шалдыққан науқастарға көмектесу үшін азаматтар арнайы есепшот ашып, халықтан жылу жинады. Бұл істің басы-қасында жүрген айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева  қаржы жинап, Түркиядан өкпені жасанды жолмен желдететін бірнеше аппарат сатып алған.  Ол Instagram парақшасында «Тағы бір қуанышты жаңалық – елге 125 емес, 225 аппарат жеткізетін болдық. Қорға тағы да ақша түсуде. Тіпті, ақша жетіп жатса, 500 жіберуге мүмкіндік туды. Оған тікелей менің @aidyn_nury_qory,  @dauletten_qory@elmira_eshniyazova қоры тікелей атсалысады. Бұл – біздің жеңіс! Барлық белсенділерге тағы да алғыс», – деп алғысын білдірген болатын. Айнұр Тұрсынбаева іле-шала 825 оттегі концентратының қаржысы жиналғанын хабарлады. «Көп түсірсе – көл» дегендей, көп ұзамай қаралы елге үміт сыйлаған жаңалықтан тегіс хабардар болған Қазақстан азаматтары 1000-нан астам өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратына қаржы жинап берді. Бірақ Түркия мен Қытайдан өкпені жасанды желдету аппараттары мен дәрі-дәрмекті сатып алған белсенділер оларды елге кіргізуде қиындықтар барын айтып Мемлекет басшысынан көмек сұрады. Кедендік тасымал, құжат рәсімдеу мәселесіндегі қиындықтар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей араласуымен шешімін тапты.  Мемлекет басшысы шетелден тыныс алу аппараттарын жеткізетін қоғам белсенділеріне қолдау білдірді.