«Оқушылардың денсаулығы үшін басқа амал жоқ...» –  министр қыркүйектегі қашықтан оқыту туралы айтты
«Оқушылардың денсаулығы үшін басқа амал жоқ...» –  министр қыркүйектегі қашықтан оқыту туралы айтты
Фото: Интернеттен алынды
366
оқылды

Министр І тоқсанды қашықтан оқу үшін жағдай жасалатынын айтты.

«Осыған қарай келесі шешімдерді ұсынамын: біріншіден, шалғайда орналасқан шағын жинақты мектептерді қоспағанда 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектебіндегі 1-11 сынып оқушылары үшін оқу жылының алғашқы тоқсанын қашықтан оқыту форматында өткізу», – деді ол.

Жиында Үкімет басшысы Асқар Мамин Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Цифрландыру министрліктеріне тапсырма берді. 1 қыркүйектен бастап орта мектептерде бірінші тоқсанды қашықтан оқыту форматында өткізуге дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Қажет болған жағдайда бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының жазбаша өтініштері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, кезекші сыныптардың қызметін қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді ол.