Тасымалға 3 кг-ға дейін мынадай жеткізілім түрлері қабылданады:
бетперде, қолғап, қорғаныш киімі;
өндіруші зауыттың қаптамасындағы құрғақ дәрі-дәрмек;
өндіруші зауыттың қаптамасындағы, сыртынан қосымша полиэтилен пакетке оралған ампулалар;
таңып-байлау материалдары (бинт, бұласыр);
өндіруші зауыттың қаптамасындағы шприц, системалар.
Тауарды жөнелтер алдында фискалдық чек пен препараттардың атауы жазылған электрондық фактура-шотты көрсету керек болады.
Сұйық күйдегі дәрі-дәрмектерді, биоүлгілерді, зертханалық талдауларды, температуралық тәртіпті талап ететін, сондай-ақ хладагентпен қапталған дәрі-дәрмектерді тасымалдауға тыйым салынады.
Толығырақ ақпаратты airastana.com сайтының «Қызметтеріміз» - «Жедел пошта қызметі» бөлімінде және +7 (727) 356 09 50, +7 (727) 270 30 53, + 7 (702) 702 01 59 телефондары арқылы алуға болады.