Елордалық келіншек коронавирустан сауығып, қыз баланы дүниеге әкелді
Елордалық келіншек коронавирустан сауығып, қыз баланы дүниеге әкелді
© сурет интернеттен алынды
142
оқылды
№1 көпсалалы аурухана дәрігерлері екі елордалықтың – 39 жастағы әйел мен оның жаңа туған нәрестесінің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. 24 маусымда емхананың акушерлік бөлімшесінде вирустық пневмония (80% зақымдану), интоксикация синдромы және артериялық гипертензия салдарынан тыныс жетіспеушілігімен ауыр халде жүкті әйел келіп түсткен.
«Қабылдау кезіндегі әйелдің жүктілік мерзімі 34 апта 6 күн болған. Оған COVID-19-дың ауыр түрі, екі жақты полецегменттік пневмония, сондай-ақ қалыпты преэклампсия диагнозы (жүкіт әйелде жоғары қан қысымының болуы) қойылған болатын», – дейді аурухана қызметкерлері.
Дәрігерлер кесар тілігі әдісімен баланы алған. Салмағы 2,3 келі болатын шала туған нәресте дереу жансақтау бөліміне ауыстырылып, оған интенсивті бақылау мен емдеу жүргізілді. Сонымен бірге дәрігерлер ана өмірі үшін күресті. Операциядан кейін ол жансақтау және интенсивті терапия бөліміне орналастырылып, онда 12 күн жатты. Жеті күн бойы ол өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныс алды. Жағдайы тұрақталғаннан кейін емдеу қарқынды бақылау палатасында жалғастырылды. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында жасалған емнен кейін ана мен бала қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды.