«Жүрегім қан жылап тұр» – Өмірзақ Шөкеев орынбасарының қазасы жайлы айтты
«Жүрегім қан жылап тұр» – Өмірзақ Шөкеев орынбасарының қазасы жайлы айтты
Фото: Фото: Түркістан облысы әкімінің қоғамдық қабылдауының ресми парақшасынан алынды
494
оқылды
«Бұл қаралы хабар мен үшін өте ауыр болды. ⠀ Өзімнің әріптес бауырым, бірінші орынбасарым Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметовтің қазасы туралы суыт хабарды естігенде төбемнен жай түскендей күйде болғанымды жасыра алмаймын. Жүрек қан жылап тұр. Қазақстан еліне белгiлi азамат, құрметтi әрiптесім Қосман Қайыртайұлының дүниеден өтуін ауыр күйзелiспен қабылдадым. Қимастық сезімімді жеткізу қиынға соғуда...⠀ ⠀ Саналы ғұмырын еліміздің өркендеуіне арнаған асыл азамат еді. Біз екеуміз сонау ел астанасы – Астанаға қазіргі Нұр-Сұлтан қаласына көшкен сәттен бастап етене танысып, қала басшылығында жүрген жылдары сенiмдi серiктерімнің, адастырмас ақылдастарымның бiрi бола білді. ⠀ Мемлекет және қоғам кайраткері, абзал азамат Қосман Айтмұхаметов әрбiр iстiң көзiн таба бiлетiн бiлiктi де талапшыл басшы еді. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары кезінде Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанның жаңаша кейіпке енуіне, Арыс қаласындағы жарылыстан туындаған төтенше жағдайдың зардабын жоюға атсалысып, сондағы үйлердің соңғы шатыры жабылғанша барын салып құрылыстың басында жүрді. Мақтаарал ауданындағы су тасқынының салдарын жою шараларына да өлшеусіз үлес қосқан Қосман Қайыртайұлының мезгілсіз өмірден өтуі бәріміздің де жанымызды күйзелтіп кетті. ⠀ Өз ісіне деген адалдығы мен жоғары жауапкершілігінің арқасында Қосман Қайыртайұлы көптің құрметіне бөленумен қатар өңірдің көркеюіне, облыстың экономикасы мен әлеуметтік дамуына сүбелі әрі өлшеусіз үлес қосты. ⠀ ⠀ Саналы ғұмырын ұлт қызметіне, мемлекет ісіне арнаған азаматтың өмір жолы, өнегесі кейінгі ұрпаққа өшпес үлгі болып қала берері анық. ⠀ «Жақсының аты өлмейді» дейді халқымыз. Мемлекеттік істе өз өрнегі, қайталанбас қолтаңбасы бар азаматтың өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын. Асыл азаматтың бейнесi жадымызда ұзақ сақталады», – деп жазды. Біз бұған дейін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхамбетовтың қазасына байланысты Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевтің көңіл айтқанын жазған болатынбыз.