Президент қауіпсіздік сертификатын сынақтан өткізгені үшін ҰҚК-ге алғыс айтты
Президент қауіпсіздік сертификатын сынақтан өткізгені үшін ҰҚК-ге алғыс айтты
5,255
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік сертификатын тестілеуден өткізгені үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне алғыс айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында: «ҰҚК менің тапсырмам бойынша Киберқалқан бағдарламасы аясында қауіпсіздік сертификатын тестілеуден өткізді. ҚР ақпарат кеңістігі қорғалып тұрғаны және сырттан шабуыл жасалған жағдайда сертификатты қолдана алатынымыз дәлелденді. Интернет қолданушыларына ыңғайсыздық жойылды. ҰҚК-ге алғыс айтамын» деп жазды.