Уханьнан студенттерді әкелген марқұм ұшқыштарға Халық Қаһарманы атағы берілуі керек – Тоты Әмірова  
Уханьнан студенттерді әкелген марқұм ұшқыштарға Халық Қаһарманы атағы берілуі керек – Тоты Әмірова  
255
оқылды
Жуырда коронавирустан қайтыс болған Болат Серікбаев 38 жылдан астам тәжірибесі бар Boeing-757 және Boeing-767 үлгісіндегі әуе кемелерінің командирі болды.   [caption id="attachment_58342" align="alignnone" width="900"]Қанат Сиденғалиев Фото: Интернеттен алынды[/caption] Қанат Сиденғалиев өмірінің 36 жылын әуеде өткізген. Соңғы жылдары Қанат Сиденғалиев Air Astana компаниясында жұмыс істеп, Airbus А-320 экипажының капитаны болды.  Ұшқыш соңғы рейсінен келген соң жағдайы нашарлап, дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілген. Ұлының айтуынша, ұшқыш ауруханаға жатқанымен, дәрігерлер оған көмектесе алмаған. Салдарынан 3 шілдеде Қанат Сиденғалиев 57 жасында қайтыс болды. Олар гуманитарлық жүктерді жеткізу және отандастарымызды елге қайтару бойынша әуе рейстерін орындауға белсенді қатысты. Осы қиын уақытта оның барлық ісі ел азаматтарына көмек көрсетті.