Ертеңнен бастап 1 миллионнан астам адамға күнкөріс үшін теңге таратылады
Ертеңнен бастап 1 миллионнан астам адамға күнкөріс үшін теңге таратылады
Фото: Интернеттен алынды
5,238
оқылды
«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шілде айында азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін қаражат төлеуді көздейтін бұйрықты әзірлеп, қабылдады. Қазақстандықтар 20 шілдеден бастап айдың соңына дейін банк картасына төлем ала бастайды» делінген хабарламада. Бұйрық күшіне енген кезде төлем 5 әлеуметтік топқа жататын азаматтарға беріледі. Жергілікті әкімшілік қызметкерлері қолда бар деректер негізінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтық алуға тиісті адамдардың тізімін бекітеді. Содан соң шілде айына, мұқтаж жандарға сомасы 2 АЕК мөлшерінде төлем жіберіледі. 5 әлеуметтік топ: – атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар; – медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар; – медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер; – мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар; – жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар жатады. Айта кетер жайт, коронавирустың таралуын азайту мақсатында сақтық үшін азық-түлік және тұрмыстық жиынтықты 2 АЕК  мөлшерінде алатындардың банк картасына аударылады.