Қанша адамның 42 500 теңге алатыны белгілі болды
Қанша адамның 42 500 теңге алатыны белгілі болды
Фото: Интернеттен алынды
5,293
оқылды
Төлем нақты 880 мың адамға тағайындалған. 1 миллион 55 мың өтінімнің ішінде: – 688,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді; – 271,2 мың адам Egov.kz порталы және telegram-бот арқылы; – 50,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; – 44,8 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстар арқылы өтініш берген. Оның ішінде: – 688,7 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта); – 15,7 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді; – 350,6 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті. Қордан 880 мың адамға төлем тағайындалды. Президенттің тапсырмасы бойынша 2020 жылдың шілде айында карантин енгізілуіне байланысты жұмыссыз қалып, табысынан айырылған қазақстандықтарға ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем беріледі. Айта кетейік, өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.