Сіз кімсіз, Мусин мырза?
Сіз кімсіз, Мусин мырза?
Коллаж: Жұмабек Айқынұлы
237
оқылды
Билік дәлізіне жақын жүретін азаматтар Бағдат Мусин Алексей Цой  сияқты уақытша бірінші вице-министр болып, кейін министр атануы мүмкін деп болжам жасауда. Оның бұлайша тағайындалуы үкіметтің тарауына қатысты ойларды күрделендіре түсті. Мәселенің мәні алдағы уақытта белгілі болар. Әзірге министрдің қызметін уақытша атқаратын Мусин мырза жайлы қосымша ақпарат ұсынамыз. Бұған дейін 37 жастағы Б. Мусин Президенттің кеңесшісі қызметін атқарды. Ол бірнеше мемлекеттік және квазисектордағы лауазымды қызметте болды. Компьютерлік бағдарламалау саласында білім алған Б.Мусин қызмет жолын осы саламен байланыстырған. Әділет министрлігі, Байланыс және ақпарат министрліктерінде жұмыс істеген. Айтпақшы, кеше ол 2011-2012 ж ж өзінің экс-министрі болған Асқар Жұмағлиевтің орнын басты.

«Қазпошта», полицейдің жұмысын жеңілдету

31 жасында ол «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясына басшы болып тағайындалады. Ал 2014 жылы «Қазпоштаға» келеді. Әріптестері Мусин кеңестік тәртіппен жұмыс істеп келген отандық пошта саласына жаңа технологиялар енгізді деген пікірде.    width= 2017 жылы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін 1 жылдай басқарды. Қылмысты жылдам тіркеу, полицейлердің автожүргізушілер туралы мәліметті планшеттен алу бастамасын көтерді. Бірақ көп өтпей «денсаулығына байланысты» мемлекттік қызметтен кетті.

BI GROUP

Facebook желісінде жариялаған жазбасында былай депті: «..екі жыл бұрын мемлекеттік сектордан кету туралы ойлана бастадым. Оны пайдасыз іс деп санағандықтан емес, керісінше, барлық өзгерістер әрқайсымыздан басталатынын түсіндім және басшылардың бастамаларын жүзеге асыруға көмектесуге тырыстым. Екінші мәселе денсаулығыма байланысты. Мемлекеттік қызметте жүріп денсаулықты назардан тыс қалдырдым». Кейін оның BI Group компаниясына жұмысқа орналасқаны белгілі болды. Айдын Рахымбаевпен бірге BeInTech компаниясын құрды. BI Group-қа цифровизация процесін әкелуге тырысты. Алайда бұл мақсатына жеткен-жетпегені белгісіз. Себебі компания салған тұрғын үйлерді сатып алған кейбір азаматтар әлі де біршама жағымсыз факторларға арызданып жүр. Мусин аталған команиядан да 1 жылдан соң кетті.

Теңгені цифрландыру жайында…

Президенттің кеңесшісі болған кезінде Бағдат Мусин сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы құрал құрылса, адамдардың заңға сәйкес жұмыс істеп, мойынсұнудан басқа амалы қалмайтынын айтыпты.
«Мен процестерді цифрландыру туралы ғана ойламаймын. Мысалы, мемлекеттік сатып алу кезінде ақшаны қолма-қол алу мәселесі бар. Мемлекеттік сатып алуды ұтып алғаннан кейін оны ақшаға айналдыру керек… Оны ақшаға айналдырғаннан кейін барып, анық-қанығын білеміз. Менің идеям бойынша теңгенің цифрлық аналогы болуы керек және ол боялған болуы қажет. Мысалы, көпір құрылысына 3 млрд теңге бөлінсе, әр теңге цифрландырылғандықтан, ол монитор жүйесінде көрініп тұратын болады. Бұл биткоин аналогы, бірақ биткоиннің өзі емес. Оны биткоин сияқты жүзеге асыру қиын емес. Биткоиннің технологиясы жақсы, біз оның пайдалысын ғана алуымыз керек», – дейді Мусин.

Ақылға қонымсыз жағдай…

Бас прокуратурада қызмет еткен кезінде Бағдат Мусин Қазақстандағы шетелдіктерді тіркеудің жүйесін сынға алды. Ол басқа мемлекеттердің азаматтары елде болу мерзімін қосымша ақыға ұзартуы үшін ресми тариф енгізуді ұсынды.    width= «Менің түсінбейтінім шетел азаматы қайтадан 30-60 күнге оралу үшін неге бір күнге елден кетуге мәжбүр болды? Бұл ақылға қонымсыз жағдай. Мысалы, Бішкекке барып, қайту үшін 300-400 доллар жұмсайды. Неліктен үкіметке 100 доллар көлемінде ресми төлем жасап, шетел азаматы тағы 30-60 күн тұруына рұқсат етпеске?, − деді Мусин.

Кәсіпкер Мусин отбасы

Вице-министр Б.Мусин жеке кәсіпкерліктен қол үзбеген. Ол кассалық машиналарды алмастыратын жоба ұсынды. Яғни, кассалық машинаның баламасы ретінде «reKASSA» мобильді қосымшасын құрған. Бұл арқылы кәсіпкерлер 100 мың теңгеден астам қаражатты үнемдейді деп жарнама жасалған.    width=

Массаж салоны мен мейрамханалар

Сондай-ақ Бағдат Мусиннің жары Дина Ауғанбаева-Мусина да кәсіпкер. Бұған дейін forbes.kz шыққан мақалада Д.Мусина «Имбирь» тай массаж салонының иесі екені айтылған. «Біз әр келген клиентті қадірлі қонағымыздай күтеміз» деген Мусина 2017 жылы ашылған салонға жарнама жасаған. Оған қоса, medium.com сайтында жарияланған ақпаратта Дина Ауғанбаева-Мусина және оның серіктесі Айгүл Нұрланқызы Темербековамен бірге 2013 жылғы 19 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында Тәуелсіздік көшесі, 46/6 мекенжайы бойынша әлеуметтік қызметтерді ұсынатын Dia Group ЖШС құрылғаны туралы жазылған. Нақты қандай әлеуметтік қызмет көрсететіні белгілі болмаса да, елорда бюджетіне 2015 жылы  5 млн 244,9 мың теңге салық төлеген. Сондай-ақ кезінде белгілі кәсіпкер Қуаныш Шонбаймен бірге «Руми» тобына (Rumi Group Management Company) қарасты бірнеше мейрамханаларға иелік еткен. Соңғы мәліметтер бойынша Қ.Шонбай бұл бизнестен кеткен.  width=  

15 жыл отасқан. Төрт баланың әкесі

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Бағдат Мусин Facebook әлеуметтік желісінде белсенді. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгергені мәлім. Төрт баланың әкесі. Отбасымен, әріптестерімен түскен суреттерін жиі жариялап отырады. «Оқырмандар, достар, қазақылығымыздың той тойлау, астарды, басқа рәсімдерін қоя тұру өте маңызды. Бұдан бір ай бұрын сенбейтіндер көп еді, қазір бұл індет барлығымызға да жұт сияқты жамандықтарын тигізіп жатыр», – деп қайын атасының коронавирустан қайтыс болғанын айтып, жазба қалдырған екен.    width= Сонымен қатар, әке мен бала тақырыбында ойын білдіріпті.
«Карантин мен ТЖ кезінде отбасыммен бірге көбірек уақыт өткізудің нәтижесінде қазіргі балалардың менің қатарларыма қарағанда біреуге тәуелділігі төмен, сыни көзқарастары жоғары дамыған, өздерін еркінірек ұстайтындығын байқадым. Сонымен қатар, біздің ата-аналарымызға кезінде өз беделін көрсетіп, бізді тәрбиелеу жеңілірек болған шығар деп ойлаймын», −дейді Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібінің жаңа вице-министрі.

Еркежан АЙТҚАЗЫ