Абай шыңына көтерілді
Абай шыңына көтерілді
183
оқылды

Алматыда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Абай шыңын бағындыру шарасы өтті. Шараны «Жас Отан» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалы ұйымдастырды.

Үш найзатастан құралған Абай шыңы 3 600 метр биіктікте қасқайып тұр. Шың басына шыққан жүздеген адам ақынның өлеңд­ерін оқып, әндерін әуелете шыр­қа­­­ды. Ары қарай кәсіби альпинистер то­бы 4 010 метр биіктіктегі Абай шыңына көтеріліп, ол жерде Қазақстанның және «Жас Отан» Жастар қанатының туын көк­те желбіретті. Шараға қатысып, ат­са­лысқандар арасында партия өкілдері, бло­герлер, спортшылар және өзге де ерік­ті жастар болды.

– Осыдан 20 күн бұрын шілде айын­да Абайдың 175 жылдығын атап өтуге қандай үлес қосамыз деген ой болған еді. Қазір қарап отырсақ, жастар шартты түр­дегі жиналыстардан, кездесулерден шар­шады. Сондықтан бұл шараны жаңа фор­матта, ерекше қылып өткізейік деп ке­лістік. Бұл бір жағынан саламатты өмір сал­тын қалыптастырса, екінші жағынан ұлы ақынымыздың рухани мұрасын дә­ріптеудің таптырмас жолы. Біздің ұсы­ны­сымызды «Тассай», «Самал» суларын өн­дірушілер, сондай-ақ қалалық әкімдік пен партия басшылығы да қолдады. Ша­раға қатысушыларға «Шымбұлақ» та қол­дау білдірді. Қатысуға ниет білдір­ген­дер – әртүрлі жастағы қала тұрғындары. Олар тізімге онлайн тіркеу арқылы енді. Жал­пы алғанда, шараға 80-ге жуық адам қа­тысты. Жастар Абай шыңына шығып, «Жел­сіз түнде жарық ай», «Көзімнің қа­расы» әндерін орындаған кезде керемет әсер­де болдық, – дейді «Жас Отан» Жас­тар қанатының төрағасы Мәди Ахметов.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жо­март Тоқаев ақынның 175 жылдық ме­рейтойын атап өту туралы ресми Жар­лыққа осы жылдың 30 мамырында қол қой­ған болатын. Алматы жастары мұн­дай шараларды алдағы уақытта да жал­ғастыратынын айтты. Олар осындай ерек­ше форматтағы бастамалар түсініксіз жиын, мәнсіз іс-шара мен стандартты жи­налыстардан әлдеқайда пайдалы бо­латынын дәлелдеді. Тауға шығу шара­сы­нан кейін #Абай_шыңы хэштегі арқылы көп­теген қатысушы ұйымдас­тыру­шы­лар­ға әлеуметтік желіде алғыс білдірді.

Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ