Алматыда жаңа ковидтік стационарлар іске қосылады
Алматыда жаңа ковидтік стационарлар іске қосылады
Фото: автордан
187
оқылды
Пандемия басталғалы бері инфекциялық стационарлардың саны 2-ден 26-ға дейін (500 төсек-орыннан 6096 дейін) өсті. Күзде COVID-19 симптомдары бар 7700 пациентке стационарлық емдеуді бір мезгілде қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев БАҚ өкілдеріне арналған брифингте айтты.
– Алдағы күндері жаңа ковидтік стационарлар іске қосылатын болады. Оларды алдын ала санитарлық-эпидемиологиялық аудиттен өткен, денсаулық сақтау объектілерінің базасында ашатын боламыз. Қазіргі уақытта жауапты мамандар құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Олардың ішінде 250 төсектік «Қазақстан», 376 төсектік «Көктем», 140 төсектік «Самал» пансионаты, 230 төсектік «Астана» қонақ үйі, 360 төсектік ҚазАТК жатақханасы, 100 төсектік ҰОС мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь, 500 орынға шақталған Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар. Бұл жаңа стационарлар жұмыс істеп тұрған нысандарға қосымша тамыз айының соңына дейін кезең-кезеңімен іске қосылатын болады, – деп атап өтті Б.Сағынтаев.
Сонымен қатар әкімдік ана мен баланың денсаулығын қорғауға ерекше көңіл бөледі. Барлық әйел-ананың бүгінгідей пандемия кезеңінде қауіпсіз жағдайда босануы, босанғанға дейін және босанғаннан кейін де үздіксіз күтімде болуы аса маңызды. Қалада 45 төсектік №4 перзентхана жұмыс істейді. Жақын арада осы перзентхананың 60 төсек-орынға арналған жаңа корпусы іске қосылады. Сонда мұндағы жалпы орын саны 105-ке жетеді.    width= Мегаполисте қосымша төсек-орындар жасақтау, қаланың барлық кадрлық резервін жұмылдыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда пандемиямен күрестегі алдыңғы шепке 4464 медицина қызметкері (2681 дәрігер мен орта медицина мамандары) жұмылдырылды. 1526 маманнан (дәрігерлер – 246, орта қызметкерлер – 1009, кіші медициналық қызметкерлер және басқалары – 145, волонтерлер – 106) кадрлық резерв жасақталды. Барлығы 328 адам жұмысқа орналастырылды (оның ішінде 96 дәрігер, 160 орта медицина қызметкері, 72 – кіші медицина қызметкері және басқалар.