COVID-19 жұқтырғандар қандай жағдайда ауруханаға жатады?
COVID-19 жұқтырғандар қандай жағдайда ауруханаға жатады?
270
оқылды
«Елімізде коронавирус жұқпасының өршуі­не бай­ланысты азаматтарымыз­дың арасында әртүрлі сауал туындауда. Сол сұрақтардың ішіндегі ең маңыздысы – коронавирусқа шалдыққандар қандай жағдайда ауруханалық ем қабылдай алады? Яғни, ауруханалық емге науқастарды сұрыптауды емхана деңгейіндегі жалпы тәжірибелік дәрігерлер жүргізеді. Сонымен қатар жедел жәрдемді үйге шақыру кезінде жедел жәрдем қыз­­меткерлері немесе ко­ронавирусқа арналған оқ­шауланған аурухананың қабылдау-диагностикалық бөліміндегі кезекші дәрігер­лер анықтайды. Бұл медицина қызметкерлері науқастарды ауруханаға жатқызу бары­сында ҚР хаттамасын бас­шылыққа алады. Ол хаттама бойынша коронавирус жұқ­пасы ағымының ауырлық дәрежелері анықталған», – дейді Гаухар Нұрахметова. Сонымен қатар  дәрігер КВИ инфекциясымен ауыратын науқастар жоспарлы түрде емдеуге жатқызылмайтынын, яғни стационарлық емдеу­ге тек аурудың айқын белгі­лері болған жағдайда жатқызылатынын атап өтті. «Біздегі КВИ-ге арналған ауруханалар заманауи үлгіде жабдықталған. Әр палата оттегі көздерімен, аппараттармен, ҚР хат­тамасына сай барлық дәрі-дәрмектермен толық жабдықталған»,– деді Г.Нұрахметова. Инфек­ционист дәрігер корона­вирус инфекциясын жұқтыру қаупі бар науқастарға да тоқтала кетті. «Ең алдымен науқастың жасы 65-тен жоғары болса, ол қауіп-қатер тобына жатады. Екінші орында – жүрек ауруы. Адамда қан қысымы болса, оның қан қысымын 3 сағат сайын өлшеу, көтерілуіне жол бермеуге тырысу керек. Сонымен қатар қант диабеті бар адамдарда қант көлемі көтеріліп кетсе, емге көнбеуі мүмкін. Яғни, вирус жұқтырған кезде созылмалы аурулардың барлығы қо­зып, науқас жағдайын одан сайын ауырлатады. Сондықтан мұндай ауруларды қатаң қадағалау хаттамада көрсетілген»  деп түйіндеді дәрігер.  

Серік ӘЛІМЖАНОВ, Нұр-Сұлтан қаласы