Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Әншілердің «тыққан-пыққаны» таусылған ба?

42 500 теңгеге талас то­ластар емес. Өтініш бер­­гендер саны бұл қар­қынмен қыркүйекке дейін тоқтамайтынға ұқсайды. Шын мұқтажы қайсы, есе­бі мен ебін тапқаны қай­сы – ажырату қиын. Тіпті, танымал, гонорары қым­бат отандастарымыз да әлеуметтік төлемнен бір асап қалғысы келеді екен.

«Айқын» ақпарат
Шілде 24, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар
42500 tenge
81
қаралым

Әнші Бүркіт өткенде Пре­зидентке желі арқылы үндеу жолдады. Мәні сол – карантинді жеңілдетіп, мекемелердің жұмы­сын жандандыруын сұрады. «Біз түрлі аудандарға барып, халыққа азық-түлік үлестіріп көмектесіп жатырмыз. Алайда барлығына көмектесу мүмкін емес. Аз қам­тылған отбасылардың жағдайын көріп отырмыз. Күнкөрісін күн­делікті жұмыспен тауып жүрген такси жүргізушілері, тазалық­шылар, даяшылар, базарды жа­ғалаған көпшілік қиын жағдайға тап болды және бұған жай қа­рап отыру оңай емес. Соған бай­ланысты карантинді жеңілдетіп, көптеген компания және меке­мелерге жұмысын жандандыруға мүмкіндік беруді сұраймын. Әрине, олардан карантин талап­тарын сақтауды талап ету керек. Бұл азаматтардың жағдайын жеңілдетеді деп білемін. Әйтпесе халық жақында коронавирус­тан емес, аштықтан өледі» деген болатын.

Әншінің бұл сөзінен соң Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова әртістер табысынан айырылған жағдайда көмек алуына болады деді. Осы сөзден соң Үкіметтің жәрдем­ақысына талас қыза түсті. ТЖ кезінен бері үйде отырған ән­шілер бірінен-соң бірі әлеуметтік төлем ала бастады. Олардың қатарында Қарақат Әбілдина, Бағлан Әбдірайымов, Дәурен Айдарқұлов, Серікбол Сайлау­бек, Дидар Кәден, Сара Жүніс­бек, Әзімбек Байлин және өзге де жұлдыздар бар. Олардың кейбірінің тойдағы 1-2 ән айту үшін табатын табысы бірнеше миллион болатынын ұмытпаған жөн. Одан бөлек, Instagram-да миллионға жуық оқырман жи­нап, жарнамасының бағасын шарықтатқан блогер­лердің ішінде де көмек алғандар аз емес. Мәселен, отандық арна­дан бе­рілетін ток-шоудың экс-қаты­сушысы Дина Төкенова stories-ке 42 500 теңге түскен скрин­шотты салып, сол бойда жаратып тастағанын айтқан болатын.

Ресейлік әншілер де жәр­демақыға өтініш берген. Бұл тізімде Николай Басков, Вале­рия, Дима Билан, Чулпан Ха­ма­това, Яна Рудковская және өзге­лері бар. Біздің әншілермен салыстырғанда, ресейліктер ЖК, ЖШС болып тіркелген кәсіптері үшін сұраған. Салық төлеп, про­дакшн не корпорацияларына қызметкер ұстап отыр. Карантин кезінде қол астындағыларға жа­лақы беру қиындай түскені мен кәсіптің тоқтап қалуына байла­нысты өтініш тастаған. Бір қы­зы­ғы, салық бойынша қарызы бар Стас Пьеха, Оксана Самой­лова, Виктория Боня және т.б жұлдыз­дарға субсидия беріл­меген.

Иманбек атақты әншілермен ән жазды

Өнер жұлдыздарын қызметке тартудың себебі неде?

Қазақстандықтарға 42 500 теңге төлем туралы SMS хабарлама келді

Пандемия кезінде көмектесіп жатқан жұлдыздар да жоқ емес. Көмекке мұқтаж отбасыларға ақ­шалай не азық-түлік, дәрі алып беріп жатқандар бар. Жа­рия болмағаны қаншама. Тыныс алу аппараттарын жеткізу үшін ақша жинасқандар ескерусіз қалмауы тиіс. Әлемдік жұлдыз­дарға кел­сек, коронавируспен күреске 1 мил­лион доллардан берген Риан­на, Джей Зи, Ма­донналар­дың кең жүрегін айтпай кету мүмкін емес.

Қызметкеріне қалтадан төлер қаражат болмай жәрдемақы сұраған бір басқа, қарақан басына 42 500 сұраған бір басқа болса керек. Әлде әншілерімізге той-бизнестен тапқан ақшаны тиімді жұмсауға қатысты курстан өту керек пе?

 

Айша ЕРСҰЛТАН

 

 

 
Тегтер: 42 500 теңгеәлеуметтік төлемәнші Бүркітәншілер
Алдыңғы жаңалық

Жастар резервінің жартысы жұмысқа тұрды

Келесі жаңалық

Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлаған күдікті ұсталды

Ұқсас жаңалықтар

ауыр жұмыс
Әлеумет

Ауыр жұмыстағы аналар

Наурыз 6, 2021
әйелдер
Әлеумет

Әйелдер басымдық еткен бизнес

Наурыз 6, 2021
Абай шөбересі
Әлеумет

Шымкентте Абайдың шөбересі бар

Наурыз 6, 2021
әйелдер
Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл

Қоғамдық-саяси өмірдегі әйелдер әлеуеті

Наурыз 6, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауыр жұмыстағы аналар

Наурыз 6, 08:15

Әйелдер басымдық еткен бизнес

Наурыз 6, 07:45

Шымкентте Абайдың шөбересі бар

Наурыз 6, 07:30

Қоғамдық-саяси өмірдегі әйелдер әлеуеті

Наурыз 6, 07:15

Аналар құрметке бөленді

Наурыз 6, 07:00

Балаларға наурыз-шашу

Наурыз 6, 06:50

Жалғысбасты анаға көмек көрсетіледі

Наурыз 6, 06:40
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

ауыр жұмыс

Ауыр жұмыстағы аналар

Наурыз 6, 2021
әйелдер

Әйелдер басымдық еткен бизнес

Наурыз 6, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»