Түнердің неге, тұтынушы?
Түнердің неге, тұтынушы?
182
оқылды

Тұтынушыларды қорғау – халықты қорғау деген сөз. Өйткені тірі адам тұтынбай тұра алмайды. Алайда Қазақстанда тұтынушыларды қорғау саласы тоқырауда. Мәселен, кезінде осы секторда белсенді әрекет етіп, азды-көпті бедел-ажар жиған отандық 172 қоғамдық бірлестіктің бүгінде тек 55-і ғана қалыпты.

Астанамыздың Алаш тасжо­лын­да ор­наласқан «Орталық базарында» адам өмі­ріне қауіпті жиһаз жасалып келгені туралы жаңалық елор­да­лық­тарды дүрліктіріп, жұртшылыққа жай­сыз тиді. Өйткені нарықты жау­лап алған ита­лия­лық, түркиялық, ре­сейлік, беларустік балама­лары­нан арзандауын іздеген бұқара өкілдерін айт­па­ғанда, ауқатты тұрғындардың біразы да кең сарай­дай коттеджіне, не еңселі кеңсесіне керекті жиһазды сол жақта тапсырыс беріп жасата­тын.

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғынының ша­ғымына орай оның базардан са­тып алған шкафы қойылған жатын бөл­месінен ауа сынамасын алып, зертханада зерделеген мамандар оның үйі аса зиянды фор­мальдегидке тол­ғанын анықтады. Өнімінде осы­нау улы зат мөлшері қалыптағыдан 2,5 есеге көп болып шыққан базар­да­ғы саудагерге сот шешімі бойын­ша 70 айлық есептік көрсеткіш (176 750 теңге) мөлшерінде айыппұл са­лынған. Алайда өзге сауда орын­дары елордада миллиондаған шар­шы метр көлемде (2018 жыл қоры­тын­­­дысында – 2,4 млн шаршы метр) үздіксіз іске қосылып жатқан бас­пана қорын залалды жиһазбен жаб­дықтауын жалғастыруда.

Нұр-Сұлтан қаласының Тауар­лар мен қызмет­тердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау депар­та­мен­тінің басшысы Садуақас Байғабылов аза­мат­тарды жиһаз сатып алу ке­зінде мұқият болуға ша­қырады. Әйт­песе, ол тауар үйдің көркі емес, ке­­сіріне айналуы мүмкін.

«Зиянды химиялық заттармен уланудың алдын алу және тұтыну­шы­лар денсаулығы үшін қауіпті жиһаз­дың ары қарай сатылуына жол бермеу мақ­са­тында департа-мент мамандары аталған базар­дағы жиһаз салонында жоспардан тыс тексеру ұйымдастыру рәсімін бас­тады. Алайда кәсіпкердің жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы хабар­лама қағазын алудан бас тартуына және департамент мамандарын са­лонына кіргізбей қоюына байла­ныс­ты «Әкімшілік құқық бұзушы­лық туралы» кодексінің 462-ба­бы­ның 1-тармағы бойынша хаттама тол­тырылды» деп мәлім етті депар­та­мент.

Еш дау тудырмайтын аксиома сол, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру – тұтыну­шылардың құқықтарын қорғау деңгейін арттырумен тығыз бай­ланысты. Бұл саланы ретке кел­тірмей, Қазақстан дамыған елдер қатарына қосыла алмайды, жа­һандық нарық барлық сапасыз әрі зиянды өнімдерін төгетін «үшінші әлем» қатарында қа­лады.

Сонымен бірге, тұтыну­шы­лардың қорғалуы кәсіпкерліктің дамуына, тұтастай алғанда бүкіл экономиканың өрлеуіне септігін тигізеді. Себебі, тек өз құқығына сенімді тұтынушылар ғана та­уарларға, көрсетілетін қызмет­терге жоғары сұранысты қамта­масыз етеді.

Дегенмен әзірге бұл салада былық пен бейберекетсіздік жайлағанын атқарушы билік те мойындайды. Осы іске жалғыз өзі жауап беретін әрі соған қа­жетті барлық құзыр-құралы бар, саланы тәртіпке келтіруге қау­қарлы орган болмады. Тұтыну­шылардың құқықтарын қор­ғаудың мемлекеттік жүйесіне 14 ор­талық және 17 жергілікті атқарушы орган, сонымен қатар прокуратура органдары мен соттар қатысады. Салдарынан олардың ешқайсысы осы салаға басымдық бермей, жете көңіл бөлмей, «сен салар да мен салар, атқа жемді кім салардың» кебін келтірді.

Содан болса керек, 2020 жыл­ға дейінгі Құқықтық саясат тұ­жырымдамасында тұтынушы­лардың құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін енгізу қажеттілігі атап өтіледі.

Жақында Мемлекет басшы­сының Жарлығымен Ұлттық экономика министрлігінің тұты­нушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Сауда және интеграция минис­трлігі құрылды. Жаңа ведомс­тво­ға ішкі нарықты және тұтыну­шы­лардың құқықтарын қорғау мәселелерін тиімді басқару және ұзақ жыл қордаланған түйткіл­де­рін толыққанды шешу жүк­телуде.

Жыл сайын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қа­рауына тұтынушылардан орта есеппен 30-40 мыңдай арыз-шағым келіп түседі.

Өткен жылы мемлекеттік ор­гандар тұтынушылардың арыз-шағымдарын қарау қорытын­дысы бойынша 900 әкімшілік іс қозғап, 20,7 миллион теңгеге айыппұл салыпты. Бірақ жалғыз айыппұл саладағы бар мәселені шеше алмайды.


Қазақстандықтар 2018 жыл қорытындысында меморган­дарға, жергілікті атқарушы ор­гандарға және тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне 35 мың өтінішпен жүгінген. Олардың шамамен 20 мыңы – жазбаша шағымдар. Қалғаны сall-орта­лық, қауырт желі секілді жолдар­мен қабылданған.

Азаматтардың көбі – 12 мың­нан астамы немесе 60%-ы банк­тер, шағын несие ұйымдары және басқа да қаржылық қызмет көрсететін құрылымдар қаре­кетіне шағымданады. Сараласақ, олар қарыз алуға, сақтандыру қызметтеріне, зейнетақы жинақ­тарына, коллекторлық және микроқаржылық ұйымдардың жұмысына қатысты әралуан наразылықтарын білдіреді.

Алыпсатарлардан аузы күйгендер де аз емес. Бөлшек сауда саласына 4 мыңнан астам арыз (20%-ы) тиесілі. Халықты сапасыз қызмет көрсетілуі, қажеті жоқ қосымша тауарлар мен қызметтерді алуға итермелеу, көрсетілген бағаның сату баға­сына сәйкеспеуі, тауарды айыр­бастаудан не қайтарып алудан бас тарту, тауар немесе қызмет сапасының лайықсыздығы қа­паландырады. 

Баспананың жоқтығы бір проблема болса, оған қол жет­кізгеннен кейін өзге түйткілдер бас көтереді. Тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылық саласында 3 мыңнан астам (жалпы санның 15%-ы) шағым түскен. Қазақ­стан­дықтар негізінен тұрғын үй­дің сапасыз жөнделгенін, жал­пы үйлік инженерлік коммуни­кациялардың нашар жағдайын, энергиямен жабдықтаудың сапа­сыздығын, электр қуатынан ­заң­­сыз ажыратуды, негізсіз тө­лем­дер есептеуді және пәтер ие­лері коопе­ративтері мен бас­қа­ру­шы компаниялар қыз­мет­терінің ашық емесін мәселе етіп көтереді.

Ауырған азаматтар «ақ ха­латты абзал жандар» арасындағы арамзалардан құқай-қиянат көріп, жүйкесін жұқартады, жігері құм болады. Денсаулық сақтау саласында қазақстан­дық­тар 1 мыңнан астам (3%) шағым-өтінішпен жүгініпті. Ондағы мәселелер медициналық қыз­мет­тердің сапасыздығын, ем­деуге жатқызудан бас тартуды, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы кемші­лік­терді, әдеп пен деонтологияның бұзылуын қамтиды.

Тұрмыстық қызметтер сала­сында азаматтар 700-ден астам (2%) өтініш жолдаған, олар аяқкиімнің, киімнің, тұрмыстық құрылғылардың сапасыз жөн­делуіне, жиһаз жасау және жөн­деу бойынша сапасыз қызмет­терге, химиялық тазалау, шаш­тараз және бетті әрлеу салон­дарының сапасыз қызметтеріне қатысты. Көлік қызметтері сала­сындағы 400 өтініште (1%) не­гізінен жолаушыларға дөрекі қарау, қоғамдық көлікте билет бермеу жайы қаузалады.

Өткен жылы мемлекеттік ор­гандар тұтынушылардың арыз-шағымдарын қарау қорытын­дысы бойынша 900 әкімшілік іс қозғап, 20,7 миллион теңгеге айыппұл салыпты. Бірақ жалғыз айыппұл саладағы бар мәселені шеше алмайды.

– Жүргізілген талдау көрсет­кеніндей, тұтынушылар құқық­тарын қорғау үшін қайда жүгіну: қай мемлекеттік органдарға, қандай қоғамға әлде дереу сотқа бару керегін білмейтін болып шықты. Сондай-ақ олар мысалы, тауарды кері қайтару, кемші­ліктерді жоюды талап ету, дұрыс ақпарат алу секілді тұтынушының негізгі құқықтарын да білмейді. Соның кесірінен, сатушыға еш­қандай салдардың болмауына бай­ланысты несиеге сатып алынған тауарларды кері алудан бас тарту, құрылыс компания­ларының баспанамен бірге ав­тотұрақ сатып алуға мәжбүрлеуі, етті сүйек-саяқ, қоспаларымен бірге сату және басқа да тұты­нушы құқығын бұзу тәжірибесі жаппай белең алған, үйреншікті жағдайға айналып кеткен, – дейді Ұлттық экономика ми­нистрлігі.

Өйткені ведомствоның тү­сіндіруінше, бүгінде «Тұтыну­шы­лардың құқықтарын қорғау туралы» негізгі заңның сақталуы тек сатушылардың, өндіру­ші­лердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігімен шектелген. Тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін әкімшілік жауап­кершілік жоқ.

Сондықтан министрлік ел Үкіметіне тұтынушы құқығын қорғау туралы заңнаманы бұз­ғаны үшін әкімшілік жаза түрле­рін енгізу ұсынысымен шықты. Мәселен, лайықсыз тауарды кері қайтарып алмау не айырбастамау үшін жазалау ұсынылады.

Ел Үкіметі осы сектордағы қорғаушы ұйымдарға қолдау көрсетпек. Қоғамдық бірлес­тіктерге тұтынушылар өтiнiшiн қарау нәтижесi бойынша олар атынан сотқа жүгініп, бұзушы­лықтың салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы талап қою өкілеттігін беру қарастырылуда.

Сарапшылар бұл ұйымдарды қаржыландыру көзі ретінде айыппұлдарды соларға беруді ұсынған екен. Алайда бұл идея­дан Үкімет бас тартыпты: бұл жағ­дайда ҮЕҰ-лар көбірек қар­ж­ы келуі үшін айыппұлдан басқа дау-дамайды шешудің балама тетіктерін пайдаланбай қоюы мүмкін. Бұл ретте тек тұтыну­шы­ларды сотта қорғау кезіндегі қо­ғамдық ұйымдардың сот шы­ғындарын өтеу жайы пысық­талуда. Мұндай тәжірибе бірқа­тар елдерде, мысалы, Шығыс және Орталық Еуропа мемлекет­терінде біраз жылдан бері қолда­нылады.