The Athletic инсайдері Майк Коппинджердің айтуынша, осы жекпе-жек үшін Альварес – 45 миллион доллар, Головкин – 30 миллион доллар гонорар алады.
Айта кетейік, боксшылардың екінші жекпе-жегінде ұйымдастырушылар билет сатылымынан 27 миллион доллар түсірген, сондықтан трилогияны көрерменсіз өткізбейді.
Головкин – Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтуі үшін Сауль Альварес қыркүйектегі кездесуінде жеңіске жетуі керек.
Болжам бойынша күздегі жекпе-жекте ол британиялық Каллум Смитпен (27-0, 19 КО) шаршы алаңда жұдырықтасуы мүмкін.