Директорлар жүздесуі
Директорлар жүздесуі
383
оқылды

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп директорларымен кездесті. Қала басшысы халықтың өсуіне байланысты әлеуметтік нысандарға жүктеме артып келе жатқанын атап өтті.

Егер 10 жыл бұрын 73 мектеп пен 75 мың оқушы болса, қазіргі таңда 108 мектеп пен 162 мың оқу­шы бар. Қыркүйек айында бірінші сыныпқа 24 мың бала бармақшы. Сонымен қатар 17 мың педагог ең­бек етуде. Оқу орындарын бюд­жет есебінен ғана емес, жеке инвес­ти­цияларды тарту арқылы да салу керек. Ин­вес­торлар елордада 11 жеке меншік мектеп салуға ниет білді­ріп отыр. Инвес­тиция көлемі 27,6 млрд теңгені құрайды. 5 жыл­­дың ішінде 37 жаңа мектеп салу жос­пар­ланған. Биыл 3 жаңа мектеп салынады. Кездесу бары­сын­­да оқу орын­дарының дирек­тор­лары мек­теп­терде орын тап­шы­­лығы бар еке­нін, кейбір мектептерде бейне­бақы­лау каме­ра­ла­рының жоқты­ғын, жолдар­дың нашар екенін, материалдық-тех­никалық қамту дәре­жесінің төмен деңгейде болуы сияқ­ты мәселелерді айтып жеткіз­ді.

Қала әкімі А.Көлгінов орташа жөндеу жұмыстары 32 мектепте, ал күрделі жөндеу жұмыстары 8 мектепте жүргізіліп жатқанын атап өтті.

– Елімізде білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлінеді.Педагог­тардың біліктілігі – өте маңызды мәселелердің бірі. Балалардың мектеп бағдарлама­сын қанша­лық­ты жақсы меңгеруі және мек­тептен қандай білім алып шы­ға­тындығы тек сіздерге бай­ла­­нысты. Білім беру процесі­нің сапасына көңіл бөлу керек. Уақыттың ба­сым бөлігін балалар мектепте өт­кізеді, олардың жеке тұлға бо­лып қалып­та­суы да мектептен бастау алады. Оқушы­лар­дың көзқарасы, өмірлік құндылықтары және ұстанымы айналасындағы адамдарға байла­ныс­ты. Балалар­дың рухани да­муы­на да көңіл бөлу керек, – деді А.Көлгінов. Қала әкімі аталған мәселелер жүйелі түр­де жұмыс істеуді талап ететінін атап өтті.