31 шілдеде Қазақстан мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылмайды
31 шілдеде Қазақстан мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылмайды
© сурет интернеттен алынды
195
оқылды
31 шілде күні Қазақстан мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылмайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады. «Алла қаласа, биылғы Құрбан Айт мерекесі Ғұламалар кеңесінің бекітуімен 31 шілде, 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Алайда еліміздегі карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, республика бойынша мешіттер жабық болады. Осыған байланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды», - деді Бас Мүфти Орталық коммуникациялар қызметінде. Еске сала кетейік, бұған дейін Құрбан айт мерекесі 31 шілдеде басталатынын хабарлаған болатынбыз.