Алматыдағы Қарғалы өзенінен су емес, көбік ақты
Алматыдағы Қарғалы өзенінен су емес, көбік ақты
фото: видеодан алынды
227
оқылды
Ойда-жоқта таудың мөлдір суы ақ көпіршікке айналды, деп хабарлайды «Хабар 24». Мұны көрген Алматы қаласының тұрғындары әлеуметтік желіге жүктеп, өздерінің таңданыстары мен реніштерін білдірді.  Әлеуметтік желіде тараған бейне көпті таңдандырды. «Көбікті көрдік. Ол судай ақты қар құсап, біз қар екен десек, көбік екен. Кәдімгі сусабынның иісі. Таза суды ластап жатыр», - дейді қала тұрғыны Бауыржан Өжетов.   https://www.instagram.com/p/CC_-Z09Bc5w/?utm_source=ig_web_copy_link Таудан аққан таза суды кімнің, әсіресе, немен ластағаны әзірге белгісіз. Бірақ мамандардың өз пайымдары да жоқ емес.
«Біздің ойымызша, өзен бойындағы орналасқан үйлердің кәріз құбырларының иісі шықпау үшін, арнайы химикаттар қосу арқылы өзенге ағызып жіберуі мүмкін деген ойдамыз. Ол тек қана кір жуғыш ұнтағы болмауы мүмкін», Наурызбай ауданы қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімінің аға инспекторы Мадияр Шымырқұлов.
Бұл дерек бойынша табиғатты қорғау полициясы айналысуда. Егер де табиғатқа залал келтірген тұлға анықталса, кемінде 20 айлық есептік көрсеткіш, ал заңды тұлға болса 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Оның өзі қылмыстың деңгейіне байланысты. Мұны Қарғалы өзенінен алынған сынама анықтайды. Нәтижесі сейсенбі күні дайын болады дейді мамандар.