Іздеуде жүрген қылмыскер шекараны заңсыз өтпек болғанда ұсталды
Іздеуде жүрген қылмыскер шекараны заңсыз өтпек болғанда ұсталды
143
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің шекарашылары пилотсыз ұшу аппаратының көмегімен Мемлекеттік шекараны бұзушыны тауып, ұстады. Мән-жайды анықтау барысында Қырғыз Республикасының азаматы адам денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін ішкі істер органдарымен іздеуде екені белгілі болды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту фактісі бойынша  тергеу амалдары жүргізілуде.