Карантинде қалааралық таксимен жолаушы тасымалдауды бақылау күшейтілді
Карантинде қалааралық таксимен жолаушы тасымалдауды бақылау күшейтілді
фото: ашық дереккөз
141
оқылды
Аумақтардағы Көлікті бақылау инспекциясы заңсыз жолаушы тасымалдаушыларға тосқауыл қою мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Елімізде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес карантин режимі енгізілген уақыттан бастап жолаушыларды қалааралық, облысаралық және қала ішіндегі қоғамдық көліктермен тасымалдауға уақытша шектеу енгізіліп, тоқтатылған. Осы орайда, карантин режиміне қарамастан заңсыз тасымалдаушылар пайда болып, халық арасында қауіпті індетті жұқтыруға жол берушілер көбеюіп кетті. Осындай заңсыз тасымалдаушылардың әрекеттеріне тосқауыл қою мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтардағы Көлікті бақылау инспекциясы күшейтілген режимде құзырлы органдармен бірлесе отырып жұмыс істеп жатыр», делінген хабарламада.