Коронавирусты өлтіретін маска жасалды
Коронавирусты өлтіретін маска жасалды
фото: ашық дереккөз
5,139
оқылды
Лиссабондағы Молекулярлық медицина институтының ғалымдары коронавирустың бөлшектерін бейтараптандыратын қорғаныс маскасын жасады. Бұл туралы La Razon жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бірнеше су өткізбейтін қабат пен арнайы жабындысы бар инновациялық матаның арқасында жасалған. Сынақтан өткізу кезінде зерттеушілер масканы коронавирус молекулалары бар ерітіндіге батырған. Артынша олардың 99 пайызы бір сағаттан кейін қасиеттерін жоғалтқан. Ғалымдардың айтуынша, масканы бірнеше рет қолдануға болады. Франциялық Пастер институтында жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде оны кем дегенде 50 рет жууға болатыны анықталды.