7 кездесу – 7 жеңіс: Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын қалай құлатты? (видео)
7 кездесу – 7 жеңіс: Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын қалай құлатты? (видео)
181
оқылды

Осы кездесу үшін қазақ боксшысы алғаш рет табыс тапты

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы канадалық қарсыласы Стюарт МакЛелланды нокаутпен жеңді.

Лос-Анджелесте өткен кездесу 10 раундқа жоспарланған. Алайда Жәнібек қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсірді. Осы жеңіс арқылы Жәнібек екінші деңгейлі WBO Global және өңірлік WBC Continental Americas титулдарын алғаш рет қорғады.

Жәнібек осыған дейін кәсіпқой карьерасында жеті кездесу өткізіп, жетінші рет жеңіске жетіп отыр. Оның үшеуін нокаутпен аяқтаған. Ал МакЛеллан болса 27 рет жеңіске жетсе, 4 рет жеңіліске ұшыраған.

Осы кездесу үшін 26 жастағы қазақ боксшысы 12 500 доллар табыс тапқан. Ал оның қарсыласы 15 мың долларға ие болған.

https://youtu.be/Wvyp_0zxaWI