Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы инсульт алған адамдарды емдеуге арналған қосымша шығарды
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы инсульт алған адамдарды емдеуге арналған қосымша шығарды
Фото: автордан
233
оқылды
Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Амели Шәкім Cerebrate қосымшасын әзірлеп, Азиядағы Technovation  байқауының өңірлік жеңімпазы атанды. Оған әлемнің 62 елінен 1 500-ден астам команда қатысқан. Қосымша интерактивті ойындар арқылы инсульт алған адамдардың когнитивті және физикалық функцияларын қалпына келтіру үшін жасалған. Онда пациент пен дәрігерге бірдей тіркелуге болады. Сол арқылы олардың арасындағы тұрақты байланыс пен жалпы прогресті бақылау қамтамасыз етіледі. Афазиямен (инсульт науқастарында сөйлеудің бұзылуы) күресу үшін дауыс тану жүйесі қолданылады. Кейбір ойындарда толықтырылған шындық технологиясы пайдаланылған. Сондай-ақ пациенттің қысымын тұрақты бақылау мақсатында жасалған дәрі-дәрмектерді қабылдауын бақылайтын қолданбалы функциялар, GPS жүйелері, шұғыл жағдайда жедел жәрдем шақыратын жедел пернелер жиынтығы бар. "Қолданба атауы Celebrate  және  Cerebrum – «тойлау» және «бас ми қабығы» деген екі сөзден құралған. Бұл – инсульттан кейінгі оңалту прогресінен туатын қуанышты білдіреді", – дейді жоба авторы. [caption id="attachment_60845" align="alignnone" width="1126"] width= Фото: автордан[/caption] Амели Шәкім  The Wave командасының құрамында өнер көрсеткен. Қолданбаны әзірлеуге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тағы екі оқушысы Мадина Уразова мен Диляра Эрик, сондай-ақ Алматы қаласы Galaxy International School оқушысы Кибриянур Абдугафарова қатысқан. Олар жобаның бизнес-жоспарын жасап, инсульт мәселесі саласында ғылыми зерттеу жүргізіп, әлеуметтік аккаунттарды жүргізу мен арнайы кездесулерді ұйымдастыруға жауап берген. Айта кетейік, бұған дейін де Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары Technovation Challenge халықаралық байқауында жеңіске жетіп, үздік нәтижелер көрсеткен. Мәселен, өткен жылы СоСо қыздар командасы  TECO 3D-қосымшасымен әлемдік инновация орталығы – Сан-Франциско қаласында өткен жаһандық финалға өткен. Қыздар арасында өтетін халықаралық байқау олардың IT дағдыларын дамытып, технологиялар көмегімен әлемді өзгертуге бағытталған.