Денсаулық сақтау министрі 3 тамыздан кейін де күшінде қалатын шектеулерді айтты
Денсаулық сақтау министрі 3 тамыздан кейін де күшінде қалатын шектеулерді айтты
Фото: Интернеттен алынды
292
оқылды
Алексей Цой Үкімет отырысында: «3 тамыздан кейін де жаппай жиналатын бұқаралық шараларды өткізуге, көңіл көтеретін мекемелер, кинотеатрлар мен фудкорттар, банкет залдарының жұмыс істеуіне рұқсат жоқ. Мейрамханалар мен барлар, түнгі және ойын клубтары да әзірге жұмысын бастамайды. Мәдениет нысандарының, музейлердің жұмысы жанданбайды. Конференциялар мен көрмелер, форумдар өткізілмейді. Спорт залдардың, фитнес-орталықтардың, бассейндер мен аквапарк жағажайларының, діни нысандардың жұмысы басталмайды. Туристерге арналған жолаушылар пойызы (электричка – ред.) мен қала арасындағы автобустардың қозғалысы жанданбайды», – деді.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда коронавирустың таралуы 29 процентке азайған.