Атырауға Үкімет делегациясы келді
Атырауға Үкімет делегациясы келді
160
оқылды
Үкімет басшысы орынбаса­ры­ның өңірге жұмыс сапары аясында «СҚ-Фармация» ЖШС дәрі-дәр­мек сақтау қоймалары тексеріліп, медициналық мекемелердің бір айлық тұрақты қормен қамтамасыз етілуі тексерілді. Атырауға Үкімет тарапынан бол­ған қолдаудың нәтижесінде ме­дициналық мекемелерді дәрі-дәр­мекпен қамту жолға қойылған. Атап айтқанда, «СҚ-Фармация» апта сайын 338 түрлі препарат жеткізіп келеді. Мұның сыртында облыстың дәріханаларына соңғы екі апта ішін­де 80 тонна дәрі-дәрмек әкелінген. Аса қажетті дәрі-дәрмек бо­йынша облыстың барлық меди­ци­налық мекемелерінде бір айлық қор бар, алайда қажетті 8 дәрі бо­йынша қор бір аптаға ғана жетеді. «СҚ-Фар­мация» ЖШС басқарма төра­ға­сы Ерхат Исқалиев аталған мә­се­лені 3 күн ішінде шешуге сөз берді. Премьер-Министрдің орын­басары Е.Тоғжанов «СҚ-Фар­ма­ция» компаниясына облыс әкімді­гімен бірлесе отырып, үш айлық дәрі-дәрмек қорын қалыптастыру үшін өтінім беру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Премьер-Министрдің орын­ба­сары Е.Тоғжановтың қаты­суымен об­лыстағы эпидемиялық ахуалды тұ­­­рақтандыру мақсатында шұғыл шешім қабылдау үшін жиын өтті. Жиын соңында медициналық меке­мелерді өкпені жасанды жел­дету ап­паратымен және оттегі кон­цент­раторымен толық жабдықтау үшін нақты шешім жолдары әзір­леніп, протоколдық тапсырмалар қабылданды. Премьер-Министрдің орын­басары Ералы Тоғжанов өңірге са­пары аясында COVID-19 панде­миясына қарсы инфекциялық стан­ционар ретінде жұмыс істеп жатқан Атырау облыстық №2 ауруханасына барды. Онда барлығы 1 557 адам коронавирус инфек­ция­сымен түскен. Олардың 1 386-сы жазылып шыққан. Облыста қазіргі кезде инфек­циялық орындар 60 пайызға арт­қан. Ал шілде айының басынан бері аталған орындар 83 пайыздан 61,7 пайызға дейін босаған. Қосымша сапалы медициналық көмек көрсететін тәулік бойы жұ­мыс істейтін call-орталық ұйым­дастыру арқылы жәдел жәрдемге түсетін қоңыраулар 1 300-ден 700-ге дейін азайған. Күн сайын рейд өткізетін 114 мониторингтік топ 563 заңбұзу­шы­лықты анықтап, 10 миллион тең­геден астам соманың айыппұлы салынған. Үкімет басшысының орын­ба­сары Ералы Тоғжанов өңірдегі эпи­демиялық ахуалды саралай келе, жергілікті басшылыққа түсіндіру жұ­мыстарын күшейтуді жалғас­ты­рып, халық санитарлық норма­лар­ды сақтауға баса мән беру кере­гін атап өтті.  

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы