Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Сардоба су қоймасындағы апаттың негізгі себебі белгілі болды

Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы Сардоба су қоймасында болған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды ӨзА агенттігі.

Нұрбек БАҚЫТ
Шілде 28, 2020
Жаңалықтар, Басты жаңалықтар, Қазақстан
Сардоба, апат, Мақтаарал, су тасқыны

Фото: Интернеттен алынды

208
қаралым

Биыл 1 мамырда «Сардоба» бөгетіндегі апаттан Қазақстанның да елді мекендерін топан су басты.

«Қазақпараттың» жазуынша, апатқа байланысты Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 207 және 258-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Су қоймасы 2010-2017 жылдары салынған, оған мемлекеттік бюджеттен 1,2 трлн. сум  (Өзбекстан валютасы – ред.) жұмсалған.

Алдын ала тергеу кезінде келесі негізгі болжамдар қарастырылды: жобалаудағы қателер, құрылыс талаптарының сақталмауы, пайдалану кезіндегі кемшіліктер, табиғи апат.

Туды судан алып шыққан полицей «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Самара-Шымкент тасжолында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

«АрселорМиттал Теміртаудың» шахтасында оқыс оқиға болды

Сараптама қорытындысына орай, су қоймасының бөгетінің құлауына келесі факторлар себеп болған:

  1. Жобалық құжаттамадағы қателіктер мен кемшіліктер. Су қоймасының техникалық-экономикалық негіздемесі тиісті сараптамадан өтіп, бекітілгеннен кейін, жобалаушы өз бетімен оған өзгерістер енгізген.
  2. Құрылыстағы қателіктер мен кемшіліктер. Бөгеттің корпусын құрайтын топырақтың тығыздығы жобалық талаптарға қарағанда төмен және топырақ бөгде заттардан тазартылмаған, олар шіріп, орнында қуыс пайда болған, қорғаныш қабатына төселген тастардың диаметрі жобалық өлшемдерден бірнеше есе үлкен әрі жобаға сай қалың етіп төселмеген, ірі тастардың арасына ұсақ тастар төселмеген.
  3. Пайдаланудағы қателіктер мен кемшіліктер. Пайдалану процесіне байланысты елеулі материалдық және материалдық емес кемшіліктерге жол берілген. Атап айтқанда, су қоймасына қызмет көрсететін «Сардоба су қоймасы нысандарын пайдалану және дамыту дирекциясы» қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілмеген.

Сонымен қатар, су қоймасын пайдалануға жұмылдырылған қызметкерлердің 56%-ында қажетті білім (мамандық) болмаған, 82%-ының дағдысы мен тәжірибесі жоқ. Соның салдарынан су қоймасына сапалы қызмет көрсетілмеген.

Қазіргі уақытта 9 адам ӨР Қылмыстық кодекстің 167, 205, 207, 209, 258- баптары бойынша жауапқа тартылып, оларға қатысты қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу органы төтенше жағдайдың себептерін, оған жол берген жағдайларды, кінәлілердің санын анықтау, сондай-ақ келтірілген залалдың орнын толтыруды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Алдын ала тергеп-тексеруді жан-жақты және толық қамтамасыз ету үшін және қылмыстық істің күрделілігі мен ауқымдылығын ескере отырып, Бас прокуратура алғашқы тергеу мерзімін 5 айға ұзартты.

Айта кетейік, 2020 жылы 2 мамырда Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, елді мекендер, коммуникациялық желі, егістікке зақым келген. Соның салдарынан Түркістан облысында 4 ауылды су басып, 620 үй бүлінді. Мақтаарал ауданында 2 мамырда түнгі 00:00-де төтенше жағдай жарияланды. Сондай-ақ, Өзбекстанда Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 
Тегтер: апатМақтааралСардобасу тасқыны
Алдыңғы жаңалық

Экономика саласының Толағайы

Келесі жаңалық

Алматыда жасырын дәрі цехы анықталды

Ұқсас жаңалықтар

«Тақиялы періштеде» Тайлақтың рөлін сомдаған актер қайтыс болды
Жаңалықтар

«Тақиялы періштеде» Тайлақтың рөлін сомдаған актер қайтыс болды

Қаңтар 19, 2021
төлем
Әлеумет

Электронды төлем жүйесін енгізу сәтсіз аяқталды

Қаңтар 19, 2021
Тәулігіне 6-9 мың қазақстандық коронавирус жұқтыруы мүмкін – Цой
Жаңалықтар

Тәулігіне 6-9 мың қазақстандық коронавирус жұқтыруы мүмкін – Цой

Қаңтар 19, 2021
дипмиссия
Саясат

Шетелдің дипмиссиясы шекеден қарай ма?

Қаңтар 19, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Тақиялы періштеде» Тайлақтың рөлін сомдаған актер қайтыс болды

Қаңтар 19, 10:31

Электронды төлем жүйесін енгізу сәтсіз аяқталды

Қаңтар 19, 10:30

Тәулігіне 6-9 мың қазақстандық коронавирус жұқтыруы мүмкін – Цой

Қаңтар 19, 10:07

Шетелдің дипмиссиясы шекеден қарай ма?

Қаңтар 19, 10:00

6 өңір «қызыл» аймақта тұр

Қаңтар 19, 09:50

Цой жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салынатынын айтты

Қаңтар 19, 09:36

Наурызда коронавирусты жеңетініміз рас па?

Қаңтар 19, 09:30
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

«Тақиялы періштеде» Тайлақтың рөлін сомдаған актер қайтыс болды

«Тақиялы періштеде» Тайлақтың рөлін сомдаған актер қайтыс болды

Қаңтар 19, 2021
төлем

Электронды төлем жүйесін енгізу сәтсіз аяқталды

Қаңтар 19, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»