Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Біржан Нұрымбетов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Біржан Нұрымбетов бұған дейін Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметтерін атқарған.