Оның айтуынша, елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының 9,1 немесе 7 пайызға дейін қымбаттаған кездері болған. Карантин уақытында шекті бағаларды бекіту арқылы бағаны ұстап тұруға қол жеткізілді. Бірақ бұл нарықтық шара емес. Сондықтан карантиннен кейін шекті бағалар алып тасталды.
«Жергілікті орындарда азық-түлік бағасын реттеу әкімдіктердің құзыретінде екенін білесіздер. Егер күзде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы өссе – Сауда және интеграция министрлігі шекті бағаларды қоюға дайын. Ең бастысы, азық-түліктің қазіргі көлемі жеткілікті. Сондықтан біз бағаның өсуін 6-7 пайыздық деңгейде күтіп отырмыз», – деді Азамат Асқарұлы ОКҚ-да өткен онлайн брифингте.
Вице-министр республикада әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрі бойынша түсім жақсы екенін айтады. Фермерлерге ең алдымен ішкі нарықты толтыру мен ел ішінде арзан бағаға сатуды жүктей отырып, азық-түлік тауарларын арзандатуға қол жеткізілмек.
Айдана БЕГІМ