17 шенеуніктің қылмысы әшкереленді

17 шенеуніктің қылмысы әшкереленді

Оның айтуынша, облыста 6 айда өндірісте болған 100-ден астам қылмыстық істің 74 пайызы ауыр қылмысқа жатады. Оның ішінде 36 адамға қатысты 42 іс сотқа жолданған. Бұдан бөлек, облыстағы жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 6 фактісі анықталып, 28 қылмыс әшкереленген. Нәтижесінде, 19 адам жауапқа тартылыпты. «Мысалы, облыстың Мә­дениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас­шысына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Ол басқа мем­лекеттік мекемелер мен ұйымдар басшыларымен қылмыстық сөз байласып, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын жобаларды іске асыру бойынша мем­лекеттік сатып алуды өткізу кезінде жүйелі негізде пара алу және бюджет қаражатын ұрлау бойынша сыбайлас жемқорлық схемаларын ұйымдастырған», – дейді М.Төлеубаев. Шағын және орта бизнес қызметіне араласудың бірқатар фактілерінің де жолы кесілген. Бір мысал, алдау жолымен ком­пания директорынан өнер­кәсіптік қауіпсіздік саласын­дағы жұмыстарды жүргізуге аттестат алуға байланысты мәселені шешуге 800 мың теңге сомасында ақшалай қа­ражат алғаны үшін Ин­дус­триялық даму және өнер­кә­сіптік қауіпсіздік ко­митеті депар­таментінің бас­шысы сот­талды. Лауазымды тұлға­лардың көлеңкелі эконо­мика субъектілеріне қамқорлық жасау фактісі анықталып, мем­лекетке келтірілген залалдың 500 миллион теңгесі өтелген.  

Тұмар МЫРЗА