«СК-Фармация» ауадай  қажет дәрі-дәрмекті мүлдем таратпаған» – қатерлі ісікке шалдыққандардың жанайқайы
«СК-Фармация» ауадай  қажет дәрі-дәрмекті мүлдем таратпаған» – қатерлі ісікке шалдыққандардың жанайқайы
Фото: Интернеттен алынды
5,299
оқылды
Алматыда қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға дәрі жетіспейді. Ал қаладағы онкологиялық орталықтың басшысы препараттардың тапшылығын пандемиямен тікелей байланыстырып отыр. Коронавирус жайлаған соң, басқа ауруларды емдеуге көңіл аз бөлінетін болған. Өзге қауіпті дертке душар болғандар дәрі таппай сабылып жүр. Алматыдағы онкологиялық орталықтың директоры Нұрсұлтан Ізмағамбетов сүйек қатерлі ісігіне шалдыққан науқастарға берілетін қажетті дәрі-дәрмек мүлде жоқ екенін жеткізді. Себебі, «СК-Фармация» компаниясы ауадай қажет препараттарды биыл мүлдем таратпапты. Сондықтан орталықтың қызметкерлері науқастарға медициналық көмек көрсете алмай отыр екен. Айта кетейік, Алматыда жыл сайын онкологиялық аурудың белгілері 4 мыңнан астам адамнан анықталады.