Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары шетелде демалып жатқан жоқ – Нұрлан Нығматулин

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұрлан Нығматулин әлеуметтік желіде депутаттардың шетелде демалып жүргені туралы айтылған мәселеге жауап берді.

Нұрбек БАҚЫТ
Шілде 29, 2020
Жаңалықтар, Саясат
Мәжіліс, депутат, демалыс, Парламент, дәрі

Фото: Интернеттен алынды

1.5k
қаралым

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, депутаттар демалыста аймақтарда жұмыс істеп жатыр.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жыл сайын депутаттардың дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын аймақтарға сапары өзгеріп, Мәжіліс депутаттары өңірлерде қоғамдық бақылау аясында коронавируспен күресте еңбек етіп жатыр.

– Парламенттік демалыс – бұл қалыптасқан түсінік. Себебі, жұмыс жалғасуда. Тек жұмыс барысы Парламент қабырғасынан аймақтарға ауысты. Биыл біз мәжілісмендердің дәстүрлі кездесулерінің форматын өзгерттік. Басты мақсатымыз – еліміздің барлық шетіндегі және шалғай ауылдарына бару. Депутаттар Қоғамдық бақылау аясында дәріханалар желілеріне мониторинг жүргізіп, ауруханаларды аралады. Халықты қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді бақылауға алып, дәрігерлердің жұмыс жағдайларымен танысты. Мәжілісмендер гуманитарлық көмектің жеткізілуі мен таратылуын қадағалап, көмекке мұқтаж тұрғындардың өтініштерін қабылдады. Депутаттар волонтерлік орталықтардың жұмысына да белсенді қатысуда. Бүгінгі таңда мәжілісмендердің белсенді жұмысын әлеуметтік желілерден байқауға болады. Біздің көптеген әріптестеріміз Facebook-тегі парақшаларында аймақтардағы жұмыстары туралы үнемі жариялап отырады. Мысалы, депутаттар Нұртай Сабильянов, Снежанна Имашева, Азат Перуашев, Айгүл Нұркина, Гүлнар Бижанова, Ирина Смирнова, Зәуреш Аманжолова, Айқын Қоныров, Магеррам Магеррамов, Нұржан Әлтаев, Меруерт Қазбекова және тағы басқалар, – деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар Нұрлан Нығматулин әлеуметтік желілерде депутаттардың шетелде демалып жүргені туралы ақпаратқа қатысты нақты жауап берді.

Ұлттық компанияларға ашықтық керек

Еуразиялық экономикалық одақтың шарттарын қарайды

Наурыз айында Қазақстан халқы қанша күн демалады?

– Қазір әлеуметтік желілерде кейбір әріптестеріміздің шетелде демалып жатқандығы туралы ақпарат қызу талқылануда. Чартерлік рейс ұйымдастырылған деген жалған ақпарат та тарады. Сондықтан, мен бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін анық және нақты айтқым келеді. Қазіргі кезеңде барлық депутаттар елде, халыққа осы қиын кезеңнен өтуге көмектесуде. Біздің көптеген әріптестеріміздің өздері ауырды. Кейбірі жақындарынан айрылды. Бірақ, осы қиындықтарға қарамастан, біздің аймақтардағы жұмысымыз жалғасуда. Бұл алдағы Парламент сессиясында қажетті заңнамаға өзгерістер енгізу керектігін талдауға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде заңнамалық қоржында ондаған жаңа заң жобалары бар, – деді Мәжіліс төрағасы.

 
Тегтер: дәрідемалысдепутатМәжіліспарламент
Алдыңғы жаңалық

Үкімет посткарантин мерзімін айқындады

Келесі жаңалық

Қазақстанда құрбандық қашықтан шалынады

Ұқсас жаңалықтар

Бүркітбай Аяған
Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл

Тәуелсіздік тариxы жаңаша зерделенуі тиіс – Бүркітбай Аяған

Наурыз 3, 2021
Алматы жастары, баспана, пәтер, үй, жұмыс
Жаңалықтар

Баспана алу үшін «Алматы жастарына» өтінім қабылдау басталады

Наурыз 3, 2021
жастар
Әлеумет

Жастар Zhas Project қаржысын жымқырды ма?

Наурыз 3, 2021
Ұлытау
Жаңалықтар

«Ұлытау» әлемдік байқауда 1-орын алды

Наурыз 3, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тәуелсіздік тариxы жаңаша зерделенуі тиіс – Бүркітбай Аяған

Наурыз 3, 08:00

Баспана алу үшін «Алматы жастарына» өтінім қабылдау басталады

Наурыз 3, 07:31

Жастар Zhas Project қаржысын жымқырды ма?

Наурыз 3, 07:30

«Ұлытау» әлемдік байқауда 1-орын алды

Наурыз 3, 07:00

Көлік апатынан 6 адам көз жұмды

Наурыз 3, 06:50

3 наурызға арналған ауа райы болжамы

Наурыз 3, 06:48

Мереке қарсаңында партиялық билет алды

Наурыз 3, 06:40
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Бүркітбай Аяған

Тәуелсіздік тариxы жаңаша зерделенуі тиіс – Бүркітбай Аяған

Наурыз 3, 2021
Алматы жастары, баспана, пәтер, үй, жұмыс

Баспана алу үшін «Алматы жастарына» өтінім қабылдау басталады

Наурыз 3, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»