Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы белгісіз мерзімге кейінге шегерілді. Бұл жөнінде Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мәлім етті.
Аталған шешім Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде карантиндік шаралардың жалғасуына байланысты қабылданып отыр. Осыған байланысты елімізде доп додасын жалғастыру кейінге шегерілді. Ал футбол ойындарының нақты қашан жалғасатыны карантиндік шаралар аяқталғаннан кейін қайта қаралатын болады.
Еске салайық, Қазақстан Премьер-лигасы 8 наурызда басталған болатын. Екі турдан кейін елімізде коронавирус індетінің өршуіне байланысты кейінге шегерілді. Ал 1 шілдеде үшінші тур ойындары өтті. Одан кейін елімізде карантиндік шаралар тағы да күшейтіліп, жарыстар да кейінге қалдырылды.
Бұдан бұрын футболдан Қазақстан чемпионаты 3 тамызда қайта жалғасатыны хабарланған болатын.