Аңызға айналған футболшы президент атанбақ
Аңызға айналған футболшы президент атанбақ
158
оқылды

Ол жұлдызды кезеңін лондондық «Челси» командасында өткерді


Футбол әлемінде талай жетістікке жетіп, аты аңызға айналған футболшы енді шенеунік қызметіне кіріспек.

Футболдан Кот-д’Ивуар құрамасының экс ойыншысы Дидье Дрогба енді өз елінің футбол федерациясын басқарудан үмітті. Футболшы сайлауға қатысу үшін қажетті құжаттарды да әзірлеп қойған. Сонымен қатар осы елдің тағы бір атақты футболшысы Бонавентюр Калу да ел футболын басқарғысы келеді.

Кот-д’Ивуар футбол федерациясының президентін сайлау шарасы 2019 жылдың желтоқсан айында өтпек.
ruefe5590a4d5.jpg

Дрогба футболшы ретінде жұлдызды кезеңін лондондық «Челси» командасында өткерді. Клубпен бірге ол Англия чемпионатын төрт мәрте, Англия кубогын төрт мәрте жеңіп алған. Сондай-ақ 2012 жылы Чемпиондар лигасын ұтты. «Ақсүйектермен» жалпы саны 14 трофей иеленген.