Топтық кезеңге бір қадам: «Астана» өз алаңында БАТЭ-ні ойсырата жеңді (видео)
Топтық кезеңге бір қадам: «Астана» өз алаңында БАТЭ-ні ойсырата жеңді (видео)
181
оқылды

Қарымта кездесу Белорусияда өтеді

Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің бірінші матчында елордалық «Астана» белорусиялық БАТЭ-мен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтағы алғашқы есепті 23 минутта Марин Томасов ашты. Бұдан соң хорватиялық қорғаушы нәтижелі пасты өз еншісіне жазды. Оның берген пасын тиімді пайдаланған Юрий Логвиненко 44 минутта БАТЭ қақпасынан саңылау тауып кетті.

Ал екінші таймда исландиялық футболшымыз Рунар Мар Сигурьоннсон пенальтиді сәтті орындап, есепті 3:0-ге жеткізді.

"Астананың" өз алаңында гол жібермей, қарсыласты ірі есеппен жеңуі бізді топтық кезеңге жақындата түседі. Енді елордалық клуб сырт алаңда қандай есеппен тең ойнаса да жеткілікті. Дегенмен жеңілмеу қажет. Бұл жұптың жеңімпазы Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнау мүмкіндігіне ие болады. 

https://youtu.be/vRtiyi5-Gmo