Өзін жыртып тастады...

Өзін жыртып тастады...

– Жыртылып кетті! – Жыртық, жыртық! – Жыртылайын деп жатыр! – Жыртыла... Түркістан облысы, Келес ау­да­ны, Абай ауылындағы ауру­ха­наның хирургі Қайрат Сейдуә­лиев медициналық резеңке қол­ғаптарды кие бергені сол еді, «тырррық» етіп, тағы жыртылды. Ол мейірбикеге қарады. – Жыртылды ма? – Ия, ағай, тағы жыртылды. – Тағы жыртайын ба? – Қойыңызшы ағай, қаншауы жыртылып кетті! – Сен киіп көрші? Қолың ма­ған қарағанада кішкентай ғой? Мейірбике қолғапты киіп жат­ты. Көздерінде қорқыныш. «Тыррррық» деп жыртыла кетсе, қашып кетердей болып тұр, бір кезде қолғаптың алақан тұсы «ыр­жиып күлді». Демек, жыртылды. – Өлә ағай, айырылып кетті. – Айттым ғой саған, жыр­ты­лады деп... – Сапасыз дүниелер екен де? – Осыны айтсақ, басшылыққа жақпаймыз. – Енді қолымызға не киеміз? Короновирус өршіп тұрғанда... – Қолымызға салафан орап алайық? – Қойыңызшы, ұят қой? – Ойнап айтам. – Үйге қайтам. – Е? – Ағамының құрылысқа кие­тін қалың резеңке қолғабы бар еді. – Болмайды! Қайраттың мына сапасыз қол­ғаптарға қарны ашқаны сон­шалық, әлеуметтік желідегі фейс­букке сапасыз қолғаптар туралы түсірілген бейнені салып жіберді. Жастар тілімен айтсақ, «фейс­букты жыртты». Сол екен, бас дә­рігер Айда Бексұлтанқызы хи­рургтың өзін «жыртты». Ашығын айтсақ, Қайрат Сейдуәлиевті жұмыстан шығару жөніндегі бұйрыққа иректете қолын қойды. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Жеті жыл бойы ауруханада қабылдау бөлімінде меңгерушілік еткен дәрігер "Дипломмен ауыл­ға" бағдарламасы бойынша жұ­мысқа орналасқанда, резеңке қолғаптарды жыртып отырамын деп ойламаған еді. Ал, Абай ауруханасының бас дәрігері Айда Бексұлтанқызы медициналық қолғаптардың сапасыз екенін әшкерелеген хирургті жала жап­ты, яғни «қара күйені» жақсы көреді деп отыр. Ол аз десеңіз, хирургті жеңілтек, әріптестерімен қарым-қатынасы нашар деп айып­тайды. "Абай ауруханасының хирургі қызметін атқарған Сей­дулиев Қайрат Әкімқожаұлы тез ашуланғыш дәрігер. Осы жылдың ақпан айында тәртіптік ескерту сыйласақ, 30 наурыз күні науқас­тың шағымы бойынша қабылдау бөлімі меңгерушісі қызметінен хирург дәрігер қызметіне сырғыта салдық. Енді келіп, медициналық резеңке қолғап туралы жалған мә­лімет таратқан. Өйткені, қол­ғап туралы емхананың басшылы­ғына, аға мейірбикеге өтінім бер­меген. Жеңілтек мінезімен ви­део түсіріп әлеуметтік желіге са­лып жіберген. Денсаулық сақ­тау министрлігі бас санитария­лық дәрігерінің медициналық ме­кемелерде аудио, видео жазба­ла­рына тыйым салынсын деген қатаң ескертуіне елең етпеген. Осы жіберілген кемшіліктерді не­гізге ала отырып, жеке еңбек дауларын қарау комиссиясының бір ауыздан қабылдаған ше­ші­мі­мен жұмыстан шығарыл­ды", – дейді бас дәрігер Айда Бек­сұл­танқызы. «Жұмы­сынан жыр­тыл­ған» хирург дәрігер өз іс-әрекеті үшін жұмыстан босатылуы­ның қанша­лықты заңды екенін біл­мей, шақ­ша­дай басы шарадай, миы мипалау болып кет­кен... "Пре­зи­дентіміз Қ­асым-Жо­март Тоқаев­тың "Тың­дайтын үкі­мет", "ха­лықты тыңдаң­дар, ме­ди­­цина­лық меке­мелер­дегі былықтарды жо­йың­дар, айтыңдар" де­­геніне мен Келес аудан­дық Абай ауру­хана­сын­дағы мамандандырылған емхана­ның хирург бөлме­сінде ауру­хана басшылығы тарапынан бе­рілген сапасы жағынан өте төмен бір реттік стерильді емес қол­ғаптарды видеоға түсіріп, фейсбук желісіне салғаным сол еді, бас дәрігер А.Бексұлтано­ваның 30 мау­сым күнгі бұйры­ғымен жұмыс­тан шығарылдым. Мұның қанша­лық­ты заңды еке­нін өзім түсінбей отырмын", – дейді Сейдуәлиев. Кім­дікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Бәлкім, бас дә­рігердің уәждері ақиқат болар? Бәлкім, хирург дәрігер шындықты шырылдатып айтқан болар? Мынадай коро­новирус күшейіп тұрғанда, ма­мандарды «жыртып тастау да», қаншалықты заңды?  

Жебе САДАҚҰЛЫ