Табиғаты таңғажайып Төлебиде тірлік бар
Табиғаты таңғажайып Төлебиде тірлік бар
642
оқылды
Алайда кезінде шахтерлар қала­сы болған аудан орталығы Ленгер қаласы көп жыл бойы елеусіз, ескерусіз қалып кеткен-ді. Бос тұрған көпқабатты үйлер, қараусыз қалған зауыттар көзге оғаш көрініп тұратын. Қаладағы мүлгіген тыныштықтың  өн бойына соңғы 4-5 жылда ғана қан жүгірді. Біртіндеп құрылыс жүре бастаған. Ал енді қазір ауданда, тіпті құрылыс қарқынды. Көпқабатты үйлер салынып, аллеялар мен демалыс аймақтарының саны да көбейді. Былтырдан бері қалаға балалар ойын алаңшаларының түр-түрі орнатылып жатыр.  width=
Елімізде болып жатқан пандемия жағдайына қарамастан, ауданда құрылыс бір күн де тоқтаған жоқ. Әсіресе, биыл Түркістан облысының біраз аймағы су тасқынынан зардап шеккенін білеміз. Оның ішінде Төлеби ауданы да бар. Алайда аудан басшылығының жедел іс-әрекеті аясында сол күні үйлерін су басып қалған адамдар тез арада қауіпсіз жерге көшірілді. Жалпы, 78 азамат эвакуацияланып, 40 шақты тұрғын ағайын-туыс­тарының үйіне жайғасқан бола­тын. «13 мамыр күні болған нөсер жаңбыр біздің ауданға да біраз шығын келтірді. Бірқатар көпірді су шайып, көптеген  үйді басып қалды. Ертесіне оқиға орнына облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының өзі келіп, тұрғындарға басу ай­тып, олар үшін барлық жағдай жасалатынын жеткізді. Арнайы құрылған комиссияның шешімі­мен 42 үй жарамсыз деп танылып, оларға жаңа үй салынып берілетін болды. Республикалық төтенше жағдай қорынан осынау үйлердің құрылысы үшін 488 млн теңге бөлінді. Олардың барлығы да 100-80-60-50 шаршы метр болатын 4 түрлі үлгімен сел болмастан бұрынғы үйлерінің көлеміне қарай салынып жатыр. Ал қауіпті аумақта орналасқан деп танылған 9 үйдің орнын ауыстырып са­лып беріп жатырмыз. Лен­гер қаласындағы жаңа ықшам­ауданнан әрқайсысына 10 сотық­тан жер бөліп, бүгінде бірдей үлгіде тұрғызылып жатқан үйлердің құры­лысы біткелі тұр», – дейді аудан әкімі Бауыржан Омарбеков.
Tolebi1 Бұдан бөлек, аулаларын су шай­ған, үйлеріне ағымдағы жөн­деу жұмыстары керек үйлер түгелдей дерлік сол кезде-ақ рет­теліп беріліпті. Оған облыстың 3 ауданы техника жіберді. Аудан кәсіпкерлері де үлес қосты.  Ал су шайып кеткен 4 көпір де қайта қалпына келтірілді. Сел салдарынан зардап шеккен Лен­гер қаласының орталығын кесіп өтетін Ленгерка өзенінің айналасы да абаттандырылып жатыр екен. Аудан басшысының айтуынша, өзен кеңейіп, тегістеліп жатыр. Мұнда жолаяқ, автотұрақ, орындықтар орналастырылып, өзен жиегі бекітілмек. tabigat Төлеби ауданында бүгінде 6 мектепте құрылыс жүріп жатыр. Оның 3-еуі жаңа құрылыс болса, 3-еуі қосымша болып саналады. Көксәйек елді мекенінде аудан бюджеті есебінен 100 балаға арнал­ған бастауыш мектеп бой көтеруде. Ал облыс бюджеті есебінен Қайнар және Ақбастау ауылындағы 200 орындық мектептердің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ Ленгер қаласындағы №2 Ш.Уәлиханов атындағы 1965 жылы салынған білім ордасына күрделі жөндеу жұмыстары жүріп, бүгінде пайда­лануға берілуде. Tolebi3 Сондай-ақ ұлы кемеңгер Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Абай аллеясын салуды қолға алыпты. Құрылысшылардың жұмысы қарқынды. Мұнда ұлы тұлғаның ескерткіші де қойылмақ. Шалғай ауылдарға аяқжолдар да салынып жатыр. Сонымен қатар, ауданның Біркөлік шат­қалы­на барар жолындағы биік қырға «Табиғатты тамашалу алаңшасын» орнатыпты. Мұн­да келушілердің естелікке сурет­ке­түсіп, бәр сәт демалуына жағдай жасалған. Tolebi2
Биыл елді мекендерді сапа­лы электр қуатымен қамту жоба­сы аясында республикалық бюд­жеттен қаралған қаржыға  6 жоба іске асып жатыр. Жоба аясында 21 елді мекендегі 49 көшенің электр бағаналары, трансформаторлары жаңаланбақ. «Яғни 4 421бағана ауысып, 110 шақырым жаңа желі орнатылып, 48 трансформатор қойылатын болады. Осы атқарыл­ған жұмыстардың нәтижесінде аудан бойынша 1 500 шақырым электр желілері болады. Осы­лайша, ауданда әлі тозығы жеткен электр бағаналарын тұтынып отырғандардың  саны 9,7 пайызға дейін төмендейтін болады. Қалғаны кезең-кезеңмен 2022 жылға дейін барлық тұтынушы толық сапалы электр қуатымен қамтылмақ», – дейді аудан әкімі.
  Tolebi4

Назгүл НАЗАРБЕК